Аккузова айнур абдыжалиловна


Автор  Кейіпкер Оқырман



Pdf көрінісі
бет66/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Автор 
Кейіпкер Оқырман 
3-сурет 

Көркем мәтін арқылы жүзеге асырылатын коммуникативтік-
прагматикалық байланыс 
Кейіпкерді сөйлететін, оқырманды мәтін тануға шақыратын, доминант 
болып табылатын авторды жан-жақты зерттеу арқылы біз кейіпкер тілін
оқырман қабылдауын тануға мүмкіндік аламыз.
Автор көркем мәтін түзуде ең алдымен өзінің ұлттық мәдениетінен хабар 
береді. Арабтың «маданият» деген сөзінен бастау алған бұл атау бүгінде 
«адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының 
бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін 
сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі 
ұғымды қамтып жатқан мәдениет саласының өрісі кең [94]». Демек, қазақ 
халқының атадан балаға мұра болып қалған салт-дәстүрлері, наным-сенімдері, 
ырымдары мен тыйым сөздері еліміздің мәдениетін көрсетіп, атақты философ 
И.Г. Гердердің 
«Салт-дәстүр – тіл мен мәдениет бастауларының анасы»
деген сөздерін нақтылай түседі. Адам көркем шығарманы оқығанда сол ел 
туралы, елдің салт-дәстүрі туралы, халықтың наным-сенімдері мен өзіне ғана 
тілдік бірліктері туралы ақпарат алуы керек. Ол ақпаратты кейіпкерлер тілінен, 
әңгімешінің баяндауынан алады. Сол үлгілердің бірі ретінде Д. Исабеков 
шығармаларының мәтіндері дәйек болады: 


94 
Осы кезде алыстағы үйдің есігі ашылып іштегі шам жарығымен 
әлдеқалай бір әйелдің есік тұтқасынан ұстап, делдиіп тұрғаны көрінді. 
Молдабай әлдене күткендей солай қарай еңсесін көтеріп қадала қалды.

 
Қайнаға-ау, қайнаға


 деп айғай салды әлгі әйел.

Уа, не мен мұндамын

деп Молдабай орнынан ұшып тұрып, солай 
қарай жүрді. Қасындағы Қарекеңді ұмытып кеткен секілді.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет