бас құда болып табалдырық аттайтын ең бақытты, ең қуанышты кезеңді қалай қарсы аларын көз алдына анық елестете алмаушы еді. Ал дәл қазір, көліктен түсіп, үлкен бастырманың алдындағы қазыққа ат байлап жатқанда үйден өзінің ет құдасы бой көрсетіп сәлем бере шықпағанына іштей налып қалды »
[93, 28 б.]. Күйеу мен қалыңдықтың аталары немесе әкелері бір-біріне
құда болып саналады. Сол құдалардың бірнеше түрі бар. Қазақта
бел құда, құрсақ құда, бас құда, жанама құда деген түрлері кездесіп жатады. Ал Д. Исабековтің
«Шалдар» әңгімесінде
ет құда деген түрі де бар. Біздіңше, бұл бәрінен жақын,
бауырындай болған құда. Қазақта «бауырым – бауыр етім» деген сөз бар ғой.
Соғай орай жасалған күрделі тіркес деген болжам жасауға болады.
Д. Исабеков туындыларында жиі кездесетін туыстық қатынастың бір түрі –
бәйбіше мен тоқал .
Бәйбіше – бірнеше әйел алған ер адамның бірінші әйелі. Ал
қалған әйелдері ретіне қарай
үлкен тоқал, кіші тоқал, сондай-ақ
кішілік деп
аталады. Қазақ дәстүрінде көп әйел алмаған ер адамның әйелі дана, елге сыйлы,
ағайын-жұрт арасына сөзін жүргізе алатын болса, егде тартқан шағында оны да
бәйбіше деп атай береді [117, 602 б.]. Қазақ қоғамында бұл қатынас отбасылық
татулықты, береке мен бірлікті сақтап, ел алдында абыройлы жанұя атануда,
бала-шағаның азамат болып өсіп-өнуіне үлкен әсерін тигізетін маңызды
мәселенің бірі. Д. Исабеков шығрмаларында бәйбіше мен тоқал арасындағы
қарым-қатынас егжей-тегжейлі баяндалып, ашық суреттелмесе де, жалпы қазақ
отбасында көп әйел алушылықтың жиі кездесетінін байқатады. Мұндай
жұбайлық қатынас әсіресе дәулетті, қолында билігі бар ауылнай, болыстардың
отбасындағы қалыпты жағдай екенін көреміз. Тоқалдың отбасындағы рөлі
бәйбішеге қарағанда төмен болған. Мәселен, «Тіршілік» повесіндегі Қыжымкүл
– Дәулетбай байдың тоқалынан туған қызы. Дәулетбай оны жастығы мен
көркіне қызығып алған болатын.
«Құдд-ай-ай, құддай-ай, сорлы басым-ай!» деп Дәулетбайдың