Бұлшық етке инъекция жасау Бұлшық етте өте көп қан және лимфа тамырлары бар, сондықтан дәрілер тез және түгелімен сорылады. Дәрілерді тері астына енгізгенде ауырсыну, қиын сорылу жағдайлары болса және тез терапиялың тиімділігіне жету үшін, тері астына енгізуді бұлшық етке енгізумен ауыстырады.
Бұлшық етке егуді көп бұлшық ет тарамдары бар жерлерге және үлкен тамырлардан, жүйкелерден алшақтау жасау керек.
Бұлшық етке егуді жасау үшін ең ыңғайлы жерлер: жамбастың, иықтың, санның бұлшық еттері.
Бұлшық етке егу жасау үшін саңылауы 0,8 - 1,0 мм және ұзындығы 6-8-10 см инелерді қолданады. Иненің ұзындығы терінің шел қабатының жуандығына байланысты болып келеді, енгізгенде ине тері шел қабатын тесіп, бұлшық ет аралығына бару керек.
Бұлшық етке егу жасаудың ең жақсы бөлігі - бөксе бөлігі болып табылады. Бірақ онда құйымшақ жүйкесі және ірі қан тамырлары өтеді, егуді тек қана жоғарғы сыртқы бөлігіне жасайды, яғни бөксені ойша төртке бөліп, жоғарғы сыртқы бөлігіне (1/4 бөлігі) жасайды. Бұлшық етке сульфат, сарысулар және т.б. ерітінділерді енгізеді.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!Егу жасағанда науқас ішімен немесе қырынан жатуы керек, түрегеп тұруға болмайды!
Мақсаты: дәрілік заттарды бұлшық еттің ортаңғы қабатына енгізу.