Назар аударыңыз! Дәрі жақсы сіңуі үшін, сол қолыңызбен мақта шаригімен егу жасаған жерді баяу уқалаңыз.
Тері астына егуді жасағанда болатын асқынулар: инфильтрат, абсцесс, жұмсақ ұлпаларда иненің сынығы қалып қоюы, дәрілік эмболия, аллергиялық реакциялар, тері астына қателік жіберіп, басқа дәрі жіберу.
Инсулинді енгізу Инсулин тері астына тамақтанудан 30 минут бұрын енгізіледі. Инсулин флакондарда 5 мл шығарылады. 1 мл-де 40 Б инсулин бар. Инсулинді енгізу үшін арнайы инсулин шприцін қолданады. Жиі аралас шприцті де қолданады.
Липодистрофия асқынуын болдырмау үшін егу жасайтьш жерлерін жиі ауыстыру керек.