Назар аударыңыз! Қазіргі уақытта сынама өткізу үшін бір реттік туберкулиндік немесе инсулиндік шприцтер қолданылады. Шприцтің бөліктерін шамамен санап алыңыз.
Науқастың білегінің ортаңғы бөлігін екі мақта шаригімен өңдеңіз.
Тері кепкенше күтіңіз.
Иненің кесіндісін жоғары қаратып, теріге параллель етіп инені енгізіңіз де
0,1 мл ерітінді жіберіңіз.
Назар аударыңыз! Егуді дұрыс жасаған жағдайда диаметрі 0,5 см, 30-40 мин сіңіп кететін томпақ пайда болады.
Инені шығарып алыңыз. Егу жасаған орынды өңдемеңіз.
Тері астына инъекция жасау Терінің май қабаты қан тамырларына бай болғандықтан, дәрі тез әсерін тигізу үшін тері астына егуді қолданады. Тері астындағы бос клетчаткасына тез сорылатын және оған кері әсерін тигізбейтін дәрілік ерітіндіні енгізеді. Тері астына аз мөлшерден бастап, 2 литрге дейін сұйық енгізуге болады.
Тері астына егу жасағанда ірі тамырларға және жүйке сабына тигізбеу керек. Терінің ең ыңғайлы жерлері: иықтың сыртқы ортаңғы бөлігі, жауырынның асты, санның алдыңғы-сыртқы бөлігі, іштің үстірт жағы. Осы бөліктерде тері жеңіл жиырылып ұсталынады және тамырлардың, жүйкелердің және сүйектің зақымдану қаупі болмайды.
Терінің шел қабатында ісіну немесе қатаю (инфильтрат) болған жерлерге тері астына егу жасауға болмайды.
Тері астына егу жасағанда мынадай асқынулар: жұмсақ ұлпаларда иненің сынығы қалып қоюы, аллергиялық реакциялар, қателік жіберіп, басқа дәріні тері астына жіберу болуы мүмкін.
Тұтқыр инені қолданғанда немесе майлы ерітіндіні жылытпай енгізгенде инфильтрат пайда болады.