Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Дәрілік затты флаконнан сорып алу



бет99/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Дәрілік затты флаконнан сорып алу
Мақсаты: егуді орындау үшін залалсыздандырылған шприцке дәріні сорып алу
Көрсетім: инъекция жасау үшін
Жабдықтау:
Ұнтақ тәріздес дәрілік зат бар флакон, ерітінді бар ампула, спиртке батырылған мақта шариктері, ампуланы ашуға арналған егеуіш, пинцет, залалсыздандырылған шприцтер, инелер, бүйрек тәріздес лоток, қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Флаконның сыртындағы жазуды оқыңыз (атын, мөлшерін, қолдану мерзімін).

  2. Ортасындағы алюминий қақпағын пинцетпен ашыңыз.

  3. Резеңке тығынын спиртпен өңдеңіз.

  4. Егер флаконның ішінде дәрі ұнтақ түрінде болса, оны

еріткішті қолдану арқылы еріту керек.

  1. Поршеньді өзіңізге қарай тартып, шприцке керек

мөлшердегі еріткішті сорып алыдыз (ампуладан ерітіндіні сорып алу алгоритмін қараңыз).

  1. Шприцпен флакондағы резеңке тығынын тесіп, еріткішті ішіне құйыңыз.

  2. Флаконды инемен бірге ине салатын конустан

шығарыңыз да, флаконды сілкіп, ұнтақты түгелімен ерітіңіз.

  1. Инені флаконмен бірге ине салатын конусқа жалғастырыңыз.

9.Флаконды астыңғы жағын үстіне қаратып, саусақпен ұстап, флаконның ішіндегі ерітіндіні немесе оның бір бөлігін шприцке сорып алыңыз.

  1. Флаконды инемен бірге ине салатын конустан шығарыңыз (инені суырмаңыз - ол келесі флакондағы ерітіндіні ерітуге қажет болады).

  2. Ине салатын конусқа бұлшық етке егу жасайтын инені кигізіп, бекітіңіз.

  3. Инеден аз мөлшерде ерітінді шығарып, оның өткізгіштігін тексеріңіз.

  4. Залалсыздандырылған лотокқа шприцті, спиртке малынған 2-3 мақта шариктерін салыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет