Тыныс алу жолдарының шырышты бөлігінің дәрілік заттар әсерінен қабынуы мүмкін.
Бұл жолмен дәрі енгізу кезінде ағзаға жергілікті әсер етеді, сонымен қатар жалпы әсері болуы мүмкін, жергілікті тік ішектің шырышты қабығына әсер етуі мүмкін.
Дәрі енгізбес бұрын тік ішекті тазалау мақсатында клизма жасау керек!
Ингаляция жасау Медициналық практикада булы, жылы-ылғалды, майлы ингаляциялар қолданылады. Олар арнайы аппараттар көмегімен жүгізіледі.
Дәрілік игаляцияны сонымен қатар, қатты бүрікпелермен жасауға да болады.
Мақсаты: Дәрілік заттарды ингаляцияық жолмен тыныс алу жолдарына енгізу.
Көрсетім: дәрігер тағайындауымен, (жоғарғы тыныс алу жолдарының ісігі, бронх астма)
Жабдықтау: ингалятор, дәрілік заттар, дәрігер тағайындауымен.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Баллонның қақпағын шешіп төмен қаратыңыз.
Аэрозольды баллонды жақсылап шайқаңыз
Мүштікті ауызға енгізу керек.
Терең тыныс алып баллонның төменгі жағын басу керек.
Бірнеше секунд тыныс алмай, кейін ауыздан мүштікті шығарып баяу тыныс шығар.