Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Мақсаты: тері астына егуді орындау Көрсетім



бет104/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Мақсаты: тері астына егуді орындау
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік затты тері астына енгізу
Жабдықтау: сыйымдылығы 1-2 мл шприцтер, ұзындығы 20-30 мм инелер (0420), 70% спирт, мақта шариктері, дәрілік зат.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды инъекцияға дайындаңыз.

  2. Сыйымдылығы 1-2 мл шприцті құрастырыңыз, екі ине дайындаңыз, біреуі кесіндісі үлкені - дәріні сорып алу үшін, екіншісі ұзындығы 20-30 мм егуді орындау үшін. Дәріні сорып алуға арналған инені шприцке кигізіңіз.

  3. Ампуланың мойынын спиртке батырылған мақта шаригімен өңдеңіз, егеуішпен егеңіз, мақтамен ұстап сол жерден сындырып ашыңыз.

  4. Дәрігердің тағайындауы бойынша ампула немесе флаконнан шприцке дәріні сорып алыңыз.

  5. Инені ауыстырыңыз, шприцті көзіңіздің тұсында ұстап тұрып дәрінің артық мөлшері мен ауасын шығарыңыз.

  6. Спиртке батырылған екі мақта шаригін дайындаңыз.

  7. Егу жасайтын жерді киімнен босатыңыз, екі мақта шаригімен өңдеңіз (алдымен 10х10 см аумақты, кейін 5х5 см аумақты, егу жасайтын орынды). Екінші мақта шаригін тастамай сол қолыңыздың 4-5 саусағымен қысып ұстаңыз.

  8. Сол қолыңызбен егу жасалатын орынның терісін жиырып, оң қолыңызбен шприцті 45° бұрышпен, иненің кесіндісін жоғары қаратып тұрып теріге енгізіңіз. Сол қолыңызды босатып дәріні енгізіңіз.

  9. Екінші мақта шаригін егу жасаған жерге басып тұрып, тез қимылмен инені суырып алыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет