Назар аударыңыз! Клизмадан кейін науқас бір сағат бойы демалуы керек.
XI. ҚУЫҚТЫ КАТЕТЕРЛЕУ Әйел адамдардың қуығын катетерлеу Мақсаты: қуықты зәрден босату, қуықты жуу
Көрсетім: жіті және созылмалы зәрдің тоқтауы, қуықты жуу және қуыққа дәрілер мен ретгеноконтрасты заттар енгізгенде, зәр шығару жүйесі мен жыныс мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі кезең, зәр шығару ағзаларына эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәр алу үшін. Қуықтағы зәр қалдығын анықтау үшін.
Қарсы көрсетім: уретра жарақаты, жіті уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, зәр шығару каналының қабынуында.
Асқынулар: уретральды лихорадка, уретраның, қуықтың шырышты қабатының бұзылысы, асептика ережесі сақталмауы салдарынан инфекция таралауы.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: катетер, анатомиялық пинцеттер (2), корнцанг, лоток, салфеткалар, 2 қолғап, вазелин майы; 1:5000 фурациллин ерітіндісі, зәр қабылдағыш, дез.ерітінді бар сыйымдылық, клеенка, жаялық, ширма, науқасты жуындыру үшін құрал жабдықтар, ҚКЖҚ.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Науқасты ширмамен оқшаулаңыз.
Науқасты шалқасынан жатқызып, тізесін бүгіп, шат аралығын кеңірек ашып жатқызыңыз.
Астына клеенка, оның үстінен жаялық төсеңіз, дәретсауытын қойыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолды 70% спиртке малынған мақта шариктерімен, тырнақты 1% йодтың спирттегі ертіндісімен өңдеңіз де қолғапты киіңіз.
Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жууға керекті жабдықтарды дайындаңыз, емшараны өткізіңіз (жуындыру техникасын қараңыз!)
Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратып, зәр шығару каналын жоғарыдан төмен қарай антисептикалық ерітіндіге малынған марлі салфеткаларын ауыстыра отырып, өңдеңіз.
Қолданған салфеткаларды ҚКЖҚ салыңыз, пинцетті дез.ерітіндіге салып, басқа пинцет алыңыз.
Лотоктағы катетердің ұшын 5-6 см қашықтықта залалсызданған вазелин майын құйыңыз.
Оң қолмен лотоктан залалсыздандырылған пинцетпен катетерді алыңыз.
Катетерді пинцетпен ұстап отырып, бос ұшын оң қолдың 4-5 саусақ аралығына ұстаңыз.
Катетерді зәр шығаратын каналға 3-5 см енгізіңіз, соңын дәретсауытына салыңыз. Катетер қуыққа енген кезде, катетерден зәр көрінеді.
10.Қуықты толық босату үшін сол қолмен бірнеше рет басыңыз.
11. Зәрдің қалдығы зәр шығаратын каналды жуып өтетіндей етіп катетерді абайлап шығарыңыз.
Катетерді дез.ерітінді бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіп, қолданылған салфеткаларды, мақта шариктерін ҚКЖҚ салыңыз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық орнатыңыз.