Тік ішекке енгізу тереңдігі: 20-30см
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасты өз ыңғайымен жатқызыңыз.
Қысқышты ашып,тамшы жүйесін толтырыңыз. Жылытқыштың көмегімен ерітіндінің жылуын қамтамасыз етіңіз.
Тік ішекке 20-30см тереңдікке вазелинмен майлаған зондты енгізіңіз.
Қысқыштың көмегімен тамшының жылдамдығын бақылаңыз.
Науқастың үстін жабыңыз.
Науқасты бақылаңыз.
Ескерту: Клизма қояр алдында тазалау клизмасын жасау керек.
Дәрілік клизма Мақсаты: Тік ішекке дәрілік заттарды енгізу.
Көрсетім: Тік ішекке жергілікті әсер ету
Қарсы көрсетім:Анус аймағындағы жіті қабыну процестері.
Енгізілетін сұйықтықтың көлемі мен температурасы: 37 0 С температурадағы 50-100 мл түймедағы тұнбасы, зәйтүн майы,және т.б..
Жабдықтау: Алмұрт тәріздес баллон, жел шығарғыш түтікше, вазелин, клеенка, алжапқыш. Тік ішекке енгізу тереңдігі 20-30 см.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Алмұрт тәрізді баллонға 50-100 мл жылы дәрі ерітіндісін алыңыз.
Жел шығарғыш түтікті вазелинмен майлаңыз.
Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз.
Құйрығын ашып, жел шығарғыш түтікті енгізіңіз.
Баллоннан ауаны шығарыңыз.
Баллонды түтікке жалғап жаймен майды жіберіңіз.
Баллонды қысылған күйінде, түтікшені алып зарарсыздандырылған ерітіндіге салыңыз.