Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет148/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Қуықты жуу
Мақсаты: қуықтың қабыну ауруларына ем жүргізуде, ірің мен ұсақ тастарды механикалық әдіспен алу, зәр шығару жүйесін эндоскопиялық тексеру алдынан.
Дайындаңыз: науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал жабдықтар, қуықты жуу үшін 37 0 С дейін жылытылған антисептикалық ерітінділер (фурациллин ерітіндісі немесе калий перманганаттың әлсіз ерітіндісі), Жане шприці, дез.ерітінді бар ыдыс, ҚКЖҚ.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасты шалқасынан жатқызып, тізесін бүгіп, шат аралығын кеңірек ашып жатқызыңыз.

  3. Астына клеенка, оның үстінен жаялық төсеңіз, дәретсауытын қойыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолыңызды 70% спиртке малынған мақта шариктерімен, тырнақтарыңызды 1% йодтың спирттегі ертіндісімен өңдеңіз де қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартқа қараңыз).

  6. Науқастың қуығын катетерлеңіз (стандартқа қараңыз).

  7. Қуықты зәрден босатқаннан кейін, катетерді алмаңыз.

  8. Жане шприціне 50-100 мл көлемде антисептикалық ерітінді сорып алыңыз.

  9. Катетердің соңына Жане шприцін жалғап, поршеньді қысыммен итере отырып ерітіндіні қуыққа жіберіңіз.

  10. Жане шприцін катетерден алып, катетердің бос ұшын дәретсауытына салыңыз, қуыққа жіберілген ерітінді шығады.

  11. Жіберілген ерітінді таза күйінде шыққанша емшараны қайталаңыз.

  12. Катетерді алып, дез.ерітінді бар ыдысқа салыңыз.

  13. Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  14. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап, 1 сағаттай бақылауға алыңыз.

Ескерту! Қуықты жумас бұрын қуықтың сыйымдылығын анықтап алу қажет, қуықты зәрден босатқан кездегі зәр мөлшері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет