Науқасқа нұсқау: "Тексеру үшін сізге таңертеңгі қақырықты жинау керек.
Ашқарынға сағат 8 – де - тісіңізді жуып, мұқият аузыңызды фурацилинмен шайыңыз, содан соң бірнеше рет терең дем алып және қақырықты мына банкіге түкіріңіз, (2 – 3рет қақырықты банкіге түкіріп, сілекейдің түсіп кетпеуіне мұқият болыңыз)
Ыдыс залалсыздандырылғандықтан, оның айналасына қолмен және аузыңызды тигізбеңіз, содан соң түкіргеннен кейін бірден қақпағын жауып мейірбикеге беріңіз".
ЕСКЕРТУ: Егер науқастың тісінен қан кеткен жағдайда, онда тісті жууға болмайды. Ауызды мұқият таза сумен, содамен және фурацилинмен шайыңыз.
ЕСКЕРТУ: Залалсыздандырылған ыдыстар тек 3 күнге жарамды. Бактерияға қарсы препараттарды қақырық алуға 2 күн қалғанда тоқтату керек. Қақырықты бак. зертханаға жеткізгенше дейін 2 сағаттан кем емес уақытқа тоңазытқыштың ортаңғы есігінде сақтаңыз.