Жұмыс ерітіндісін даярлау үшін қажетті заттар мөлшері
1 л үшін
На 10 л
Хлорамин мөлшері (г)
Су мөлшері ( мл)
Хлорамин мөлшері (г)
Су мөлшері
( мл)
0,5
5
995
50
9,95 л
1
10
990
100
9,9 л
2
20
980
200
9,8 л
3
30
970
300
9,7 л
5
50
950
500
9,5 л
5 % Кальций гипохлорит ерітіндісін даярлау Мақсаты : АІИ алдын алу
Көрсетім: санитариялық эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуы бойынша бұйрыққа сәйкес науқастардың күтім заттары мен медицинаға арналған заттарды дезинфекциялау үшін.
Жабдықтар: 0,5 кг құрғақ кальций гипохлорит, 10 литрлік сырлы қақпағы бар сыйымдылық, 10 л су, ағаш күрекше, қолғаптар, алжапқыш. Респиратор, халат, хлор белсенділігі есептелінген таблица
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Қосымша медициналық халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғаптарды киіңіз.
Азғантай суға 0,5 кг кальций гипохлоитті ағаш күрекшемен араластыра отырып, біркелкі масса пайда болғанша қосыңыз. Содан кейін ерітінідінің мөлшері 10 л болғанша суды құйыңыз. Қақпағын жабыңыз.
Бетперде, алжапқыш және резеңке қолғабыңызды шешіп, қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту: ерітінді даярлау уақытынан 30 минут өткен соң қолданысқа дайын, 7-10 тәулік қолдануға болады. Науқастардың қолы жетпейтін, қараңғы және салқын бөлмеде, қақпағы жабылған, бүтін ыдыста сақтау қажет.