Назар аударыңыз! Ұстаным уақыты қолданылатын дез.ерітіңдіге байланысты. 0,015% деохлор ертіндісінде экспозиция – 15 мин.
3. Қолғапты киіңіз.
4. Термометрді дез.ертіндіден алыңыз, ағынды суда шайыңыз, кептіріңіз (немесе салфеткамен құрғатыңыз).
5. Қолғапты шешіңіз.
6. Термометрді сілкіп, сынап бағанасын резервуарға дейін түсіріңіз.
7. Термометрді қорабына салыңыз (құрғақ жерде сақтайды)
8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Дене температурасын тік ішектен өлшеу Мақсаты:дене температурасын анықтау
Көрсетім: қолтық астындағы тері аурулары және кейбір қабыну процестері
Жабдықтар: медициналық термометр, дезинфекциялаушы ерітінді, температуралық журнал, температуралық қағаз, қалам қара (немесе көк) түсті, сағат, қолғап, вазелин.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнатып, емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Науқасты бір қырына аяқтарын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз.
Қолғапты киіңіз
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Термометрдің вазелин жағылған сынап бағанасы жағын артқы тесікке (тік ішекке) 3-4 см енгізіңіз.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ: Температуралық журналға – сандық тәсілмен, температуралық параққа – графикалық тәсілмен тіркеңіз қай жерінен өлшегені көрсетіледі.
Термометрді толық батыру әдісімен дезинфекциялық ертіндіде дезинфекциялайды. Мысалы: 0,06% деохлор ерітіндісіне – 60 минутқа, 0,06% люмакс-хлор ертіндісіне -90 минутқа, содан кейін ағынды суда шаямыз.
1.Жеке пост ұйымдастыру
2.Науқасты салқындату керек:
а) маңдайына салқын компресс немесе мұзды торсық басу,
б) тері жамылғысын сірке су қышқылы қосылған салқын сумен сүрту,
в) салқын суға малынған жаймамен орау,
3.Салқындатылған
витаминді сұйық ішкізу
4.ауыз қуысын шаю
5.Еріндеріне вазелин жағу
6 Физиологиялық шығарулар кезінде күтім жүргізу
7. Науқасты тамақтандыру.