V. НАУҚАСТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ Дене температурасын қолтықтан өлшеу (Термометрия) Мақсаты: ересек науқастың дене температурасын анықтау
Көрсетім:ағзаның функционалдық жағдайын бақылау, АІИ алдын алу.
Қарсы көрсетім: қызару,ісіну,қолтық астындағы қабыну процесстері
Жабдықтар: медициналық термометр,жеке салфеткалар, зарарсыздандырушы ерітінді құйылған ыдыс, температуралық парақ, қалам, сағат, температуралық журнал.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1.Науқаспен жақсы қарым қатынас орнату, процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алу.
2. Қолды жуып, құрғату.
3. Термометрді қорабынан алып, сынапты бағанын 35°С – қа дейін сілкіп (егер сынап бағанасы жоғары болса).
4. Қолтық астын қарау (тері жарақаты, қызарғандық болмауы керек)
5. Қолтық астының терісін салфеткамен құрғатып сүрту.