VI. НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Қалі ауыр науқастарды тамақтандыру Мақсаты: Науқасты тамақтандыру.
Көрсетім: Төсек тәртібі, қалі ауыр науқастар
Жабдықтар :жылы тамақ, ыдыс (тарелке, қасық, **поильник) , кереует жанына үстел, сүлгі, жылы су, салфетка.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Барлық емшараларды, бөлмелерді жуып-жинау, желдету жұмыстарын аяқтау.
Өзіңіздің және науқастың қолын жуып, кептіріңіз.
Науқастың кеудесін салфетка немесе сүлгімен жабыңыз.
Жылы тамақты кереует жаныныдағы үстелге немесе тумбаға қойыңыз.
Егер мүмкін болса науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз немесе Фаулер қалпы.
Егер отырғызу мүмкін болмаса, сол қолыңызбен науқастың басын жастығымен көтеріп, оң қолыңызбен қасық немесе поильник арқылы тамақты ауызына апарып отырып тамақтандырыңыз.
Тамақ ішкізіп болған соң, дымқылдатылған сүлгімен науқастың еріндерін, иегін, ауызының айналасын сүртіп, құрғақ сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Ыдыстарды жинап алып, науқастың төсегінен тағам қиқымдарын қағып тазалап, науқасты ыңғайлы етіп жатқызыңыз.