Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Тыныс алу қимылын есептеу



бет66/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Тыныс алу қимылын есептеу
Мақсаты: емделуші жағдайын бағалау.
Көрсетім: тыныс алу жүйесінің функциональдық жағдайын бағалау.
Дайындаңыз: секундомері бар сағат, қағаз,қалам, температуралық парақ.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасқа емшараны барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминация жасаңыз.
3. Науқасты ыңғайлы қалыпта (жатқан) , кеудесі мен іші көрінетіндей жағдайда орналастырыңыз.
4.Науқастың қолын білек артериясынан пульс анықтайтындай етіп ұстаңыз (науқас назарын басқаға аудару үшін).
5.Екінші қолыңызды кеуде торына (кеудемен тыныс алу) немесе эпигастрий тұсына (ішпен тыныс алу) қойыңыз.
6. Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын есептеңіз.
7. Тыныс алу қимылы жиілігін бағалаңыз.
8. Науқасқа ТАҚ нәтижесін айтыңыз.
9. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
10.Мәліметті қызу парағына түсіріңіз.
Ескерту!
-Тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын науқасқа байқатпай есептеңіз. -Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылының саны тыныс алу жиілігі деп аталады (ТАЖ)
- Дені сау ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі тыныштық жағдайда 1минутта 16-20 рет.
- ТАЖ мен ЖЖЖ орташа қатынасы – 1:4;
- дене температурасы 1°С –қа көтерілсе ТАЖ 4 ретке дейін жиіленеді.
-тыныс алудың 1минутта 16-20 реттен жиіленуі тахипноэ, ал сирек болуы брадипноэ деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет