Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Назар аударыңыз! Ісікті анықтаудағы маңызды шара - су балансын анықтау.
Бөлінген зәрдің тәуліктік мөлшері тәуліктік диурез деп аталады.
Тәуліктік диурездің мөлшері құйылған сұйықтың 70-80% құраса, ол қалыпты жағдай болып есептеледі. Егер тәуліктік зәр аз мөлшерде бөлінсе, сұйықтық ағзада жинақталады (теріс мәнді диурез) , ісік бар дегенді білдіреді. Егер керісінше зәр көп бөлінсе, ондабүйрек арқылы сұйықтықтың шығуы қатты (оң мәнді диурез) деген сөз.
Бұл қан айналымы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарда зәр айдайтын дәрілермен емделген кезде байқалады.
Су балансын анықтау үшін мейірбике күн сайын тәулік бойы бөлінген зәрдің мөлшері мен ішкен, басқа жолдармен ағзаға енгізілген сұйықтық мөлшерін салыстырады. Мысалы: 1 литр сұйық ішкендегі тәуліктік диурез 800 мл.
1000 мл.-100%
800мл.- х%
Х = 80%