Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30

Үгедей ұлысы
болып есептелген. Орталығы қазіргі 
ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы 
Еміл қаласы
болған. 
1227
 жылы кезінде жаһанды қаһарымен əрі күшімен тітіренткен Шыңғыс хан дүниеден өтеді. Жошыдан кейінгі 
мұрагері Шағатай болғанымен, оның барынша қатыгез жан екенін білетін Шыңғыс хан өлер алдында мінезінің 
жұмсақтығымен, парасат-пайымымен, төзім-байыбымен ерекшеленетін сабырлы баласы 
Үгедейді
 бүкіл 
империяның ханы етіп тағайындауды тапсырады. 
1229
 жылы 
Ұлы құрылтайда
 Үгедей əкесінің өсиеті бойынша 
Ұлы хан болып жарияланады. Кейін ол өз ұлысының билігін баласы Күйікке табыс етеді. 
Күйік өлген соң Үгедей ұлысы бөлшектеніп кетеді. Үгедейдің немересі Хайдуды Мөңке Ұлы қаған болған кезінде 
Қарақорымнан Тарбағатайға жер аударады. Хайду мұнда Шағатай ұлысының ханы Барақпен 
одақтасып, 
1269
 жылы Таласта құрылтай өткізеді. Құрылтайда Еміл, Жетісу бойы, Сырдария, Ферғана өлкесі 
Хайдудың билігіне өтеді. Осылай Үгедей ұлысы қайтадан жанданып, Хайду мемлекеті болып құрылады. 
Хайду 
1271
 жылы Таразда Үгедей ұлысының ханы болып сайланады. Хайдудан соң 
1302
 жылы əкесінің орнына 
тұңғышы Жапар билікке келеді. Осы кезден бастап Шағатай, Үгедей əулеттері арасында тақ таласы қайта 
басталады. Жапар əуелі Шағатай ұрпағы Дуваның (Туваның) билігін мойындайды. Көп ұзамай 
1310
 жылы Үгедей 
ұлысы жойылып, Шағатай ұлысына біріктіріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 


10билет 
1
. Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, 
Құсмұрын жері — 10 сəуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында 
Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мəдениеттің тұңғыш өкілдерінің 
бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды əкесі сол 
кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл 
келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық 
əскери оқу орны болғанымен, көптеген пəндер əскери сабақтарға қоса орыс, батыс əдебиеті, географиясы мен 
тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы 
интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді жəне прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп 
болған. 1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің 
жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер 
ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен 
этнографиясынан көптеген материалдар жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет