Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30

3.Арыстан-баб кесенесі 
Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. –
Арыстан баб 7-8 ғ. өмір сүрген. Кесене құлап қалған соң, Əмір Темір 14ғ. қайта салғызды.Екі бөлмеден тұрады, 
төбесі күмбезбен көтерілген. 19 ғасырда бірнеше рет жөндеуден өтті
 
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі 
Əмір Темір 1397 ж. бұйрық берген. Түркістан қаласының дəл ортасында салынған
 
Кесене аумағы 46,5x65,5м. биіктігі 37,5м. қасбеті шығысқа қарап, екі биік күмбезді. Орталық бөлме арқылы 
кесененің ішіндегі үлкенді-кішілі 35 бөлмеден тұрады. Ең негізгісі – кітапхана. 1399ж. залдың ортасында үлкен 
тайқазан орнатылған. Оңтүстік жағында үлкен ақсарай, кіші ақсарай бар. Олардың ішінде атақты адамдар 
жерленген. Басты бөлме – көрхана Ахмет Йасаудің мүрдесі қойылған. 
Көккесене 
Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік-батысында 
8 км жерде орналасқанБір күмбезді кесене. Қасбетінде кіре беріс аркасы сүйірленіп, өте сəнді жасалған. 
Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілдіқыштан, кілем өрнегң үлгісіне ұқсатып қаланған. Қазіргі кезде 
жұрнағы ғана қалған
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


11билет 
1.
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық 
тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тəуелсіздігін сақтап қалу болды. 
Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар 
жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған 
бекіністерді бұзуды, орыс əскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған 
болатын. Сол хаттарының бірінде: "Ата — бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, 
Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмүрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден 
тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек 
біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті", - деп көрсетеді. Бірақ, 
Кенесарының бұл хаттары патша əкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың 
күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді 
қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды. 1838 жылы Кенесары əскері Ақтау мен Ақмола 
арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 
қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дəріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары 
патша үкіметінің жазалаушы əскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша 
кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник 
Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. 
Кенесарының əскері бекіністі өртеп, жаудың біраз əскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады. 1847 жылы 
Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп 
күресуге шақырады. Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет