14билет
1.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман
батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа
басыларының жиындары əдетте əн салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын.
Қазақтардың жазға
қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Əн салу, күй
тарту қазақ даласындағы жəрмеңкелердің де сəнін кіргізетін. Əр түрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана
жоралары да əн мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған əндер де кеңінен таралған
дəстүрлі əдет-ғұрып болатын.
XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мəдениетімен,
дəстүрлерімен жəне əдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап
қазақ
əдебиетінде бұрынғы əншілік-жыршылық дəстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық
шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дəріптеу басым болып келсе,
XIX ғасырдан
бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында
шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кəсіби поэзия қалыптаса бастады.
Қазақтың поэтикалық жəне музыка өнерін дамытуға Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дəулеткерей
Шығайұлы, Тəттімбет Қазанғапұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақжігіт (Ақан сері)
Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.
2.
1917 жылы сəуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері болып өтті. 1917 жылы
көктемде Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 1917
ж. 21 мен 26 шілдеде Орынборда І жалпы қазақ съезі боды. Съезде мемлекеттік басқару формасын, қазақ
облыстары автономиясын, жер мəселесін, халықтық млмция ұйымдастыру, земство,
халыққа білім беру, сот,
рухани діни мəселелерді қарады. Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар
қозғалысы жандана бастады. 1917 ж. қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі, тұңғыш мұсылман партиясы –
«Түркістан федералисттер партиясы» құрылды. Саяси ағымдар мен ұйымдар: 1917 ж. Қазақстанның солтүстік
облыстарында кадеттер ұйымының жұмысы күшейді. Семейде кадеттердің «Свободная речь» газеті шықты. Олар
біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны жақтады. 1917 ж. көктемде эсер ұйымдары пайда болды. Эсерлер
«Жер кім өңдесе соған берілсін деген» ұран көтерді. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда көппартиялы жұмыс
қалыптасты.
3.
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жəңгірдің ұлы Тəукеге көшті. Жаңа билеуші
көрген саясаткер, ақылды
дипломат, құдыретті хан болды. Тəуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше
əлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты.
Дəстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді.
Билердің шаруашылық, əдетті-құқық, əскери жəне
идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.
Тəуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше
органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саясатындағы аса
маңызды мəселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы
құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:
қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, əйелге 500); ұрлық,
қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
денеге зақым келтірсе, оған сəйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер əйел
ерін өлтірсе өлім
жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат əйел
жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері əйелін өлтірсе, əйел
құнын төлейді. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Əмудария өзендерінің
аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Достарыңызбен бөлісу: