Қазақ хандары қасым хан



бет11/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,8 Kb.
#97557
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 Қазақ хандары

1743 жылы тамыз айында тұтқыннан босаған Абылай жоңғар феодалдарымен күресті одан әрі өрістетті. 1745 жылы жоңғар қонттайшысы, көрнекті қолбасшы Қалдан-Сереннің өлімінен кейін азамат соғысына тап болған Жоңғария Қазақ хандығына бұрынғыдан қауіп төндіруден қалды. Осындай жағдайда жоңғар тағынан дәмелілердің бірі – Әмірсана Абылайдан пана табу үшін Орта жүзге қашты. Жоңғар-қазақ қақтығыстары 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себепші болды. Абылай сұлтан Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржының қолына Ұлытау төңірегінде құрылтайға жиналған қазақ шонжарларын ұстап бермеуге көндірді. Жоңғарияның қиын жағдайын шебер пайдаланған Абылай 1753 жылы ірі қолды басқарып жоңғар еліне шабуылға дайын еді. Лама Доржы қаза тауып, оның орнына Әмірсананың одақтасы, тақтан үміткер Дабашы қонтайшы болды. Енді Әмірсана Дабашыға қарсы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет