Белгілі бір уақыт аралығында үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау;
-Белсенділендіру;
Ынталандыру;
Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау;
Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін;
Үйренушінің білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатындығын білу үшін;
Үйренушілердің әрекеттері арқылы үйретушінің деңгейін анықтау.
«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ» «Маңыздылық». Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да
ресурстар шығындалады.
«Дәлдік» («Адекваттық»).
Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде
меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.