Қазақстан археологиясы



бет54/138
Дата09.09.2023
өлшемі2,7 Mb.
#180568
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138
Байланысты:
Учебник. Археология Казахстана

Қатардағы сақтардың қабірлері (б.з.б. VII—IV ғасырлар). Сақ заманындағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі, бейіттік құрылыстың құрылымы мен қойылған заттары жөнінен бесшатырлық және есіктік үлгідегі патшалық қабірлерден мүлдем өзгеше.
Сақ мәдениеті алдыңғы кезеңінің (б.з.б. VII—VI ғасырлар) мұндай жерлеу орындарына Қарғалы-1 және Алтынемел-2 қорымдары жатады. Қарғалы-1 қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан. Мұндағы обаларға да тас үйінді тұрғызылған, олардың астында сүйек салынған тас жәшіктер болды. Сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа қарап жатты. Зерттеушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімін б.з.б. VIII—VII ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі дәуірге жатқызады.
Жуантөбе қорымындағы обалар да сақ мәдениетінің алдыңғы кезеңіне жатады. Олардың көлемі шағын, өзеннің малта тастары аралас топырақтан үйілген. Қабірлерде адам сүйектері көлденең қойылған ағаштармен жабылған, ұзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып, жер шұңқырларда жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыздықтар, пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар, моншақтар, тартпалардың қола айылбастары және керамикалық ыдыстар Жуантөбе мерзімін б.з.б. VI—V ғасырлар деп белгілейді.
Соңғы сақ заманының (б.з.б. V—IV ғасырлар) ескерткіштері біршама жақсы мәлім. Бұл уақытқа Қадырбай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер жатады.
Шолақ тауларында, Іле өзенінің оң жағасында орналасқан Қарашоқы қорымында қазылған оба топырақ пен қиыршық тас араласқан шағын үйіндіден тұрады, үйінді үстіне дөңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары орналасты. Мүрде жерден қазылған шұңқырға жерленген. Қабірдің ішінен б.з.б. V-IV ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы (төлкелі) қола ұштары табылды.
Биже көмбесі. Жоғарыда сақ мәдениетінің ең ерте кезеңі б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырларға жататындығы айтылды. Жетісуда сақтардың ерте замандарда жасалған бұйымдарының кешені «Биже көмбесі» ретінде кеңінен танымал. Оның құрамына ауыздықтар кіреді. Олар қоладан құйылып жасалған, тікбұрышты және жартылай сопақша келген тірекшелерден, қосымша саңлаулардан тұрады. Біліктерінің үстіне кесінді және тікбұрыш, шаршы түрінде келген ою-өрнектер түсірілген. Сулықтың тыянақ тірегі екі түрлі, біріншісі – аздап иілген, үш тесікті, қоладан жасалған, ортаңғы тесігі ұзынша келген. Оның бір шетіне диск тәрізді шығыршық орталық тесіктегідей сол жалпақшада орналасқан, келесі шеті түбі кеңейе түскен конус тәрізді жасалған. Екіншісі – доға тәрізді, оның дөңгелек үш тесігі бар. Оның эллипсоидты бір шеті қалыңдау болып келген, келесі шеті конус секілді. Аттың ауыздық-жүген жиынтығына тау ешкінің басы бейнеленген қола ұштық та кіреді. Олардың кесілген конус секілді ұңғымасы бар. Ал басқа заттар – белбеу тартпаларын сәндеп тұрған сақина түріндегі қола тоғалар, ілгек қапсырма және екі алқа. Қойма б.з.б. VІІІ ғасырдың екінші жартысымен және б.з.б. VІІ ғасырмен мерзімделінеді. Осы ауданнан кездейсоқ табылған ұзындығы 39 см қола қанжар да қызығушылық туғызады. Бұл қанжар б.з.б. VІІІ ғасырмен мерзімделінеді. Аталған олжалар Жетісуда түбі қола дәуіріне барып тірелетін сақ мәдениетінің қалыптасуы б.з.б. VІІІ ғасыр мен б.з.б. VІІ ғасырда орын алғандығын көрсетеді.
Жалаулы көмбесі. Өз атауын көмбе Алматыдан шығысқа қарай 200 км жердегі ауылдың атынан алған. Кездейсоқ табылған олжалардың барлығы ХХ ғасыр бас кезінде көмілген киіз қапта жатты. Бұл заттардың барлығын белгісіз көмбе іздеуші тоналған обалардан қазып алған. Олардың саны екі жүзден, салмағы бір жарым килограмнан асады, бұйымдар арасында белбеу бөлшектері, киім мен бас киім әшекейлері, сондай-ақ кеудеге тағатын пектораль бар. Пектораль сопақша келген көлемді пластина түрінде, оның шеттері оралған алтын сыммен сәнделген. Шеттерінде бау тағатын ілгектері сақталған.
Пектораль үсті сақ өнеріне тән «аяғы бүгілген» кейіптегі 4 қатар болып тізілген миниатюралы тау текелердің мүсіндерімен көмкерілген. Жануарлардың дене тұрқына пекторальдың біртекті сары түсін «шашып жіберетін» перуза, ақық және басқа да түрлі-түсті тастарды орнату үшін ойықшалар (ұялар) қалдырылған.
Белбеу жиынтығындағы қапсырмалар миндаль түрінде жасалған. Қапсырманың беті, ал олар екі-екеуден белбеуге бекітіліп, шеңбер құрайды. Олар да пектораль сияқты тау ешкісімен және алтын шарикті түйіршіктермен оқаланған. Белбеудің теріден жасалған негізін «жасырып» тұрған бөлшектеріне «шырша» түріндегі өрнек түскен тікбұрышты құрсаулар кіреді.
Мүйіздері бұтақты ағаш секілді келген қос бұғы мүсіні түрінде кездесетін қапсырмалар ерекше көз тартады. Бұғысы құйылып жасалған екі қапсырмада «қанатын жайып тұрған» бүркіт бейнесі де ұшырасады.
Көмбеден тау ешкісін жұлмалап тұрған барыстың штампты қапсырмасы, сондай-ақ «желістен шоқыраққа өткен» кейіптегі жапырақ алтыннан ойылып жасалған тау текелердің бейнесі де бар.
Жүн түріндегі оқаланған көлемді үш бұрышты пластина да қызығушылық туғызады. Оның қолданыстағы мәні түсініксіз, дегенмен мұны киім әшекейі деген абзал. Бұрын киім мен бас киімді сәндеп тұрған конус тәрізді алтын әлеміштер (алқалар) өт көп.
Көмбенің мерзімін анықтауда көлемі үлкен және шағын бұғы түсірілген тоғалардың маңызы зор. Олардың бір былайша сипатталынады.
Тоға алтыннан жасалған: салмағы 6,15 г, ең үлкенінің көлемі 31х25 мм. Тоға үшбұрыш-жүрек тәрізді сипатта, жануарлар мүсіні мен мүйізінің ішкі тұрпаты сияқты қалыптастырылған. Сонымен қатар тоға аздап асимметриялы: бір бұғы екіншісінен сәл жоғары орналасқан. Ол балауыз қалыпта құйма техникасы бойынша жасалып, кейіннен кескішпен өңделген. Тоғаның келесі бетінде бұғының сауырына бір-біріне бұрыштала түскен екі жалпақ ілгек жасалған.
Саңлаушалардың көптеп кездесуі бұғылардың мүсінін модельдеу ерекшелігін көрсетеді, олар арқылы жануарлардың көз, құлақ, мұрын, ауыз, мүйіздерінің тармақтары берілген. Тұмсық тәрізді тұрпаттағы саңлаушалар бұғының иық және жамбас тұстарына түсірілген; сондай-ақ жануарлардың аяғын модельдеуде де пайдаланылған.
Саңлаушалар басқа материалдармен жабылуы да мүмкін, мәселен, затқа екі немесе көп түс беру мақсатында оған түрлі-түсті тастар орнатылуы да ықтимал. Дегенмен, алайда, мынадай нұсқа да орын алуы мүмкін: тоға ішкі жағынан күңгірт мастикамен (жапсыру үшін жасалған қою замазка) көмкерілген, ол кепкеннен кейін тегістеліп, саңылаушаларды толтырған да, декоративті тас кейпіне түскен.
Сірә, саңлаушалар арнайы түрде ештеңемен жабыла қоймаған, алайда тоғаның бекітілген негізін күңгірттеу барысында бейнелер полихромдық әсер қалдырған.
Б.з.б. ҮІІІ ғасыр бас кезі мен б.з.б. VІ ғасырмен мерзімделінетін осы тоғаға ұқсас мұндай бұйымдар Алтай мен Минусин қазаншұңқырында кездеседі, сол себепті де қарастырылған тоғаны осы уақытқа жатқызуға болады. Бұл мерзімді жоғарыда біршама айтылған Шілікті қорымынан табылған дәл осындай алтын тоғалар да нақтылай түседі. Салтанатты киім киген сақ аристократиясы өкілінің киімінен алынған Жалаулы көмбесінің қалған бұйымдары да осы уақытқа жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет