Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет124/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

в) Несиені уақытылы қайтармау
Алған қарызды уақытысында қайтармау құқықтық жауапкершілікке жетелейді. Ал, одан бас
тартудың дініміздегі үкімі – кісі ақысын белден басу. Бұл əсте жақсылыққа апармайды.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Байдың борышты төлеуді кешіктіруі – қиянат»
деген.
Қарыз алғанда немесе бергенде мəміленің маңызды шарттарының бірі уағдаласқан мерзімде
қайтару. Құран кəрім несиені жазбаша рəсімдеуді, куə немесе кепіл секілді қарыздың берілгенін
дəлелдейтін, орындалуын қамтамасыз ететін əдістерді қолдануды талап еткен
[240]
.
Күнделікті тұрмыста көмекке, несиеге ақша қарастырғанда, кəсіпкерлік қызмет барысында
іскерлік айналымның əдет-ғұрпына сүйеніп, тауар саудалағанда қолхат алмау, жасалған
мəмілені айғақтамау секілді жағдайлар жиі кездеседі. Өйткені, көпшілік мəмілені жазбаша
рəсімдеуді, берілген тауар, ақша үшін қолхат алуды бейне серіктесіне сенімсіздік көрсету секілді
қабылдайды. Бұл жаңсақ түсінік. Құран бізден қарызды міндетті түрде хатқа түсіруді,
айғақтауды талап етеді.
Іскерлік байланыспен уағдаласқандар тауарға немесе ақшаға қатысты істе куəлар алдында
сөз байласпаған, мəмілені хатқа түсірмеген болса, шарт талаптары тиісінше орындалмаған деп
саналып, оларға өз дегенін дəлелдеу оңайға соқпайды. Бұл жағдайда келісімге келе алмаған екі
тараптың өзара алауыздығын былай қойғанда, оларға болысып жік-жікке бөлінген əріптестер,
ағайын-туған, жолдас-жоралардың арасына да сызат түседі. Егер əлдебір іс бастар алдындағы екі
жақ Аллаһ тағаланың əмірін қалт жібермей қарыз ақша, сауда-саттық мəмілесін жазбаша
рəсімдесе, екі жақ та оған қол қойса, анау-мынау келіспеушілік туындай қоймас еді. Құранның
əмірін сенімсіздік білдіру ретінде қабылдау, оны орындауға талпынған бауырын ағаттықпен
даттау да кісі ақысын бұзғандық болады.
Қарызының бар екенін біле тұра, төлегенін айтып жалтару, ант-су ішу де үлкен күнə. Мұның


обалы мен зауалы осы қадамға барған адамның мойнына артылады. Қасақана мұндай кесірлікке
барғанның жазасы айыбын жуып-шаюмен өтелмейді. Имам Шафиғидің пікірінше, мұндай
қадамға барған адам шынайы тəубе етіп, Аллаһтан көп кешірім тілеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет