Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет68/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:
«ӨЗ ОЙЫНЫМЫЗ» ПӘНІ: ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
Құрастырған: Нұрмағамбетова Камила Абдіғазықызы –
 Ақтөбе техникалық колледжінің қаржылық есеп пәні оқытушысы
Пән: Қаржылық есеп Тақырып: «Өз ойынымыз (Своя игра)»
Cабақтың типі: аралас Оқыту әдісі: интеллектуалды ойын
Сабақтың мақсаты: білімділік: пәнге қызығушылығын арттыру, қаржылық есеп туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту, 
оқушылардың ұшқыр ой, белсенді біліктілігін арттыру;
тәрбиелік: ұжыммен жұмыс жасауға, сыйластық пен адамгершілікке және жауапкершілік пен міндетін сезінуге бағыт беру.
дамытушылық: логикалық, шығармашылық, ой-өрісін, икемділігін және кәсіптік ойлау қабілетін дамыту;
Пән аралық байланыс: Бухгалтерлік есеп негіздері, Салық жане салық салу, Экономика негіздері, Информатикалық
технология, Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, шет (ағылшын) тілі, т.б. 
Квалификациялық талаптар бойынша: білу керек: негізгі құралдар, қорлар, дебиторлық берешек, міндеттемелер, табыс және 
шығыстар есебін; 
орындай білу керек:
кәсіпорынның шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуін; 
Сабақтың оқу жабдықтары:ҚР «БЕ пен қаржылық есептілік туралы» заңы № 234-ІІІ 28.02.2007 ж.;
ҚР Қаржы министрінің 23.05.2007 ж. №185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары; 
интерактивті тақта; үлестірмелі материалдар; сызбалар, кестелер; электрондық нұсқадағы слайдтар;
электрондық нұсқадағы кезең тапсырмалары, тест сұрақтары, т.с.с.
43


Көрнекілік құралдар: экономикалық ойшыл ғалымдардың сөздері жазылған плакаттар, т.б.
САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
ІІ. Сабақты ұйымдастыру:
оқушылармен сәлемдесу
оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1-тур (кезең): Алдын-ала екі топқа бөлінген оқушылар топ басшысын тағайындайды. Үй тапсырмасы бойынша алдын-ала
екі команда өздерінің топ басшысын тағайындайды. 
Үй тапсырмасы бойынша өздерін таныстыру үшін команда капитандарына сөз беріледі. 
Рахмет! Командалар құрамымен таныстық.
Кезекті әділ қазыларға береміз.
«Теңге» командасына берілген ұпай саны _______
«Бухгалтер» командасына берілген ұпай саны _______ 
Сонымен сайысымыздың ІI турын бастаймыз.
ІI турымыздың шарты: Екі команданың капитандарына жеке тапсырма беріледі.
Бұл тапсырма тест сұрақтарынан тұрады және жауап беруге 10 минут уақыт белгіленген. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай 
беріледі. 
Кезекті әділ қазыларға береміз.
«Теңге» командасына берілген ұпай саны _______
«Бухгалтер» командасына берілген ұпай саны _______ 
Міне, белестен өтіп, асуға жеттік! Ендігі кезекті IIІ турға берсек.
ІII-турдың шарты: Бұл турда командалардың ұяшық таңдауы арқылы орындалады.
Бұл тапсырма қаржылық есеп пәні бойынша 5 тармақтан тұрады. 
Бір тармақта 5 ұяшық. Осы әр ұяшықта 1 сұрақтан, барлығы 25 сұрақ.
Әр топ 12 сұраққа жауап береді.
Әр сұрақтың жауабын ойлануға 1 минуттан уақыт беріледі. 
Әрбір ұяшықтағы сұрақтың дұрыс жауабына сол ұяшықтың белгілеріне сәйкес ұпай саны беріледі.
3-тур бойынша нәтижесін білу үшін қазылар алқасына сөз берейік.
IV турдың да кезегі жетті. Бұл тур «Тіл-өнер» деп аталады, білім алушылардың тілге деген жетістіктері тексеріледі. «Екінші 
тілді білу - екінші өмір сүру» деп айтылғандай, тіл білген адам үлкен жетістіктерге жетеді. Бұл тапсырманың ерекшелігі топ
оқушылары «Poyer Pont» бағдарламасымен қаржылық есеп пәнінен құрастырылған сұрақтардың жауабы үшін 100, 200, 300, 
400, 500 ұпай мөлшерін өздері таңдайды.
Топ оқушылары сұрақтарға дұрыс жауаптарын таңдау, қажетті сөзді табу арқылы және слайдтарда көрсетілген сурет-
кескіндер бойынша шоттарын анықтайды және сол сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі баламаларын атайды. 
Әр командаға кезекпен 5 сұраққа жауап береді және әрбір сұраққа ойлану уақыты 1 минут. Егер берілген сұраққа жауап
бере алмаған жағдайда, келесі команда сол сұраққа жауап беруге мүмкіндік алады. 
Бұл команда да сұраққа жауап бере алмаса, ұпай санын тіккен алдыңғы командаға қалауынша жеңілдік, яғни 3 мүмкіндік
беріледі. Берілген әрбір жеңілдік үшін 100 ұпайдан шегеріледі. Ал мүлде жауап берілмеген жағдайда ұпай саны жойылады,
яғни қосылмайды.
IV турымыздың нәтижесін жариялауға қазылар алқасына сөз берейік.
Қорытынды ұпай санын жариялайтын кез жетті. Құрметті әділ қазылар алқасы, сөз кезегі сіздерде.
«Теңге» командасы _____ ұпай. «Бухгалтер» командасы ______ ұпай.
Ендігі кезекте V- турымызды бастаймыз. Ал қане, кім жылдам?

Екі топтан 2 қатысушы ортаға шақырылып, оларға 
конверт ұсынылады. Бұл турдың шарты: бухгалтерлік термин сөздерді анықтау. 
5 минут ішінде бір топ «А» әрпінен; екінші топ «Б» әрпінен басталатын, бухгалтерлік термин сөздерді анықтап, жинақтау
қажет. Анықталған әрбір термин бойынша 10 ұпайдан беріледі.
V тур нәтижесін жариялау үшін кезек қазылар алқасына беріледі .
Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпай санын дайындағанша, екі топ өздерінің сұраныстары бойынша бір-біріне ризашылық,
ілтипат білдіру үшін музыкалық өнерлерін көрсетеді. 
ҚОРЫТЫНДЫ ҰПАЙ санын жариялайтын кез жетті. Құрметті әділ қазылар алқасы, сөз кезегі сіздерде.
«Теңге» командасы - _______ ұпай.
«Бухгалтер» командасы - _______ ұпай.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет