3.Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе бұрынғы ойын дағдыларын
қолданатын кезде кірісу қажет.Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып , бәрін байқап тұруын қажет етеді.
4.Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және психологиялық мазмұнын байыту
мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісуі қажет.
Ойын міндеттері- ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға. Осы жаста ойын міндеттері мазмұны
бойынша қарапайым болып келеді –қуыршаққа тамақ беру , оны ұйықтату, т.б. Ойын міндеттерінің мазмұны қоршаған
ортадан алынады.Ойындарды балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл қоршаған орта туралы алған әсерлеріне тікелей
байланысты: олар неғұрлым бай болса , ойын міндеттері соғұрлым көп болады. Бүлдіршіндермен үйрету ойындарды
өткізу барысында тәрбиеші төмендегідей талаптарды орындауы қажет:
-балаларды ойын жағдайына міндетті түрде енгізу;
-балалар өздері әлі шеше алмайтын, ересек адамның көмегін қажет ететін жағдайлар ұсыну;
- балаларды белсенді түрде ойынға қатыстыру.Ойындарды үйрету кезінде алған білімдері мен тәжірибесін балалар өз
бетінше ойнайтын ойындарда пайдаланады. Айналамен таныстырудың ең тиімді түрі- бақылау болып саналады, себебі
бүлдіршіндердің қабылдауы тура, ойлау қабілеті нақты болып келеді. Қоршаған ортамен таныстыру процесінде балалардың
пассивті бақылаушы болмауы өте
Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек.Шынайы өмірде біз балалардан «Өзім
істеймін!» дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар. Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін
дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:
-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту,
-балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға
ынталандыру.Балалардың өз бетінше жұмыс істеуін ойын барасында қалай дамытуға болады?
Мұндай күрделі жұмысты ұйымдастыруда нақты бірізділік болу керек.Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда , оған ересек
адаммен ынтымақтастық қажет.Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге
болатынын көрсетеді.Мұндай жағдайда ересек адам ынтасын білдіреді, ал баланың әлі өз бетінше жұмыс істеуі білінбейді,
себебі оның ойын дағдылары толық қалыптаспаған.Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс
істеуге барынша мүмкіндік беру керек.
Ойынды басқару бағыттары:
1.Ойын мазмұнын байыту ,ойын міндеттерін шешудегі заттық тәсілдерді қалыптастыру,өз бетінше жұмыс істеуін
дамыту,ойында өзара әрекетке ынталандыру
Ойынды басқару міндеттері:
1.Күнделікті өмірдегі оқиғаларды ойында қолдануға ынталандыру және заттардың қасиеттерін меңгерту.
2.Балаларға әр түрлі ойын міндеттерін қоюды үйрету (жекеленген және байланысқан, репродуктивті және қарапайым
инициативті)
3.Ойын әрекеттерін әр түрлі « орынбасар» заттармен уақытында қалыптастыру
4.Ойын әрекеттерін әр түрлі мазмұнды ойыншықтармен байыту
5.Кейбір ойын әрекеттерін сөзбен ауыстыруы тиімді екенін түсіндіру
6.Ойын міндеттерін қоюда балалардың өз беттілігін дамыту.
7.Құрбыларының ойындарына қызығушылығын көтермелеу
11.Бір-біріне кедергі жасамай ойнауға үйрету.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру
ойынды өткізу болып табылады.Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардыңбелсенділігі және олардың іс-
әрекеті болып табылады.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану
үлкен нәтиже береді.Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері
қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: