1.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын қадағалау.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Кіріспе бөлім:
1.
121- жаттығу.Мақал – мәтелдер
жазып келу,Зат есімдерді тауып, мағыналарын тұлғаларын анықтау.
2.
2.Топтастыру диаграммасын пайдалана отырып,тіліміздегі сөз таптарын қайталау. (плакатқа сызу)
3.Негізгі бөлім: Қазақ халқы ертеде көшіп – қонып өмір сүрген,негізгі күн көрістері төр түлік мал болғаны белгілі.Сол
себепті малға шұрайлы,жайлы жерлерді іздеген.Ал енді балалар осындай көш қоныста міндетті түрде
көлік
қажет.Әрине,ол кезде техника деген жоқ.Сол себепті көшіп – қонуға ыңғайлы көлік түйені пайдаланған.Естеріңде болса
балалар біздің ауылда да осыдан 3-4 жыл бұрын түйе шаруашылығы болған.
Балалар түйенің қандай қасиеттерін білесіңдер?
Енді бүгінгі сабағымызды балалар,сендердің бастауыш сыныптан меңгеріп келген сөз табы,зат есім туралы өткізгелі
отырмыз.Бұл сабақ – «көш керуен» сабағы.Зат есім туралы ілім –білімдеріңді осы сабақта толықтырып,жинақтап,ойланту
міндет.Сабаққа белсене қатысып,алған білімдеріңді ортаға салу керек.Жол ұзақ,керуен – көшіміз
көздеген жеріне жету
үшін, көптеген тосқауылдардан өтуге тура келеді.Себебі,жолда қарақшылар өте көп кездеседі.Тосқауылдар,әрине білім
тосқауылдары.Көшкеруеннің көздеген жеріне жету үшін сендер көмек көрсетулерің керек.Сендер байқағандай жүк артқан
түйелердің әр қайсысында қоржындар бар.Бұл қоржын – білім қоржыны.Сендерге арналған тапсырмалар.Көш Тассуат
ауылына келіп қалды.Бұл жерде көшті ұстамауға тырысуымыз керек.Тезірек қоржындарды ашайық.
- Ал, балалар қалай ойлайсыңдар,қоржындағы тапсырмалар не жайында болуы мүмкін.
- (Бір бала жауап беруі керек) Бәз бүгін сөз таптары зат есім туралы шығар деп ойлаймын.
- Ал ендеше осы сөзіңді дәлелдеп көрейік.
1.Тосқауыл.
А.Тапсырма.Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата мысал келтір.
Ә.Тапсырма.Жалпы және жалқы есімдер деп біз қандай есім сөздерді айтамыз.
Б.Тапсырма.Құрамына қарай зат есімдер қалай бөлінеді.
В.Тапсырма.Деректі зат есім дегеніміз не? Дерексіз зат есім дегеніміз не?
Балалар,көш керуеніміз сендердің көмектерің арқылы бірінші тосқауылдан өтті.Керуен басы сендерге риза.
2.Тосқауыл.
Қоржыннан келіп тапсырма алады.
А.Тапсырма. «Сөз пирамидасын құру» ойыны.
-
Ал кәне ,пирамида деп нені айтамыз?
- Пирамида геометриялық фигура. (оқушының жауабы)
-
Пирамиданы көрсетіп,біздің сөз пирамидамыз да осы пирамидадай болуы керек.Ойын шарты бойынша 2 әріптен тұратын
сөзбен бастап,12 әріпке дейін тұратын сөздерді жазу.
Ә.Тапсырма.Ал,енді балалар дәптермен жұмыс.
122 жаттығу. 60 –бет.Жұмбақтарды көшіріп жазып,зат есімдердің астын сызыңдар.
Көш керуен ақырын жылжи-жылжи
екінші тосқауылдан да өтіп,үшіншіге де жетті.Бұл тосқауылдан қалай өтер екенбіз.
Достарыңызбен бөлісу: