Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет187/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Жүргізілетін жұмыстар:
«Сәлемдесу» тренингі. Әртүрлі ұлттың сәлемдесу рәсімдері.
«Сәлем» туралы түсінік беру.
Адамдар бір-бірін қалай қабылдайды? Адаммен жүздескендегі алғашқы әсер. Қарым-қатынастағы уақыт және ара
қашықтығы. Адаммен шүйіркелесу ерекшеліктері. Қарым-қатынастағы бағыт-бағдар. Қарым-қатынас және өткен тәжірибе
туралы пікір алысу.
Психологиялық тренинг: «Жаныңның тереңдігі» тақырыбы: «Сиқырлы қол».
Негізгі бөлім: Сәлем
– арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы
ассалам
сөзінің тілімізде фонетикалық
өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар бір-бірімен осы сөзді қолданып амандасады. Мұсылмандар
Пайғамбарымыздың атынмен: 
ғаләйһиссәлем!
(оған тыныштық болсын) сөзін қосып айтады.
Сәлемдесу түрлері:
«Әс-сәләму аләйкум!» «Сәлеметсіз бе?», «Сәлем бердік», «Сәлем» т.б.
Өз халқыңның әдет- ғұрпын білу - үлкен мәдениеттілік. Адамның ұлттық мінезі әдет- ғұрыпты білу ,сақтау арқылы
қалыптасады. Сондықтан қазақ халқының әдет-ғұрпын алдымен қазақтың ұл-қыздары білуге, үйренуге тиіс. Сонда ғана
оны өзгелерде сыйлайды.
Есікті қатты жапқанда немесе теуіп ашқанды біздің халық ежелден әдепсіздікке санайды. Көбіне кесір, менмен,
өзінің ақымақтығын артықшылық деп ұғатын адамдар сөйтеді. «Қайта келер есікті қатты жаппа»,- дегенді үлкендер
күні кешеге дейін көп айтпаушы ма еді?
Кірдің суын,тамақтың қалдығын, жуынды мен шайындыны есіктің көзіне төге салатын әйелді ауыл салақ санайды,
ұнатпайды. Қазақ есікті кермейді, табалдырықты баспайды, жаман ырым санайды әрі өйткенді көргенсіздің ісі деп
бағалайды.Үйде үлкен кісілер отырғанда,келін есіктен ту сыртымен шығады; үлкендерге артын қарату-келін үшін
көргенсіздік. Қазақтың үйіне кірген адам үйде адам бар болса да, жоқ болса да амандаса кіру керек. Адамдарымен есік
алдында амандассаң да, босағаны аттаған соң, бос үйге: «Әс-сәләму аләйкум!» - деу керек. Шаңыраққа сәлем беру деген
сол болады.
Үйге кірген кісіні босағада ұзақ дағдартып тұрғызып қою- үй иесіне ұят іс.Танысқа да, бейтанысқа да жылы қабақ
көрсетіп,төрге немесе қатарға шақыру қазақылық саналады: «Есігінен ит сығаламайтын» деген-қазақта отбасы үшін өте
ауыр сөз. Үйге көрші-қолаң, ағайын- туыстың жиі келіп тұруы бауырмалдыққа тән. Босағасынан бөтен аттамайтын үйді
«мола» деп кемсіту бар.
Киіз үйді есігін күншығысқа қаратып тігеді. Ал күмбезді бейіттің аузын қабылаға қаратады. 
Тыстағы адаммен есіктің көзінде тұрып ұзақ сөйлесуге болмайды: не өзін сыртқа шығуын керек, не оны үйге
кіргізіуін қажет. Әйтпесе, әбестік болады: жақтырмаған, менсінбеген кісі сөйтеді. Жалпы, үйдің қасында жолыққан кісіге:
«Үйге кіріңіз!»-демеу-білместік. Оның арғы түбі сараңдыққа жалғасып жатады. 
Төрге үлкендер мен сыйлы адамдар отырады. Бірақ ақсақал адамның босағада қалып, қарасақал әлдекімдердің төрге
озып кетуі қазақтың үлкенді сыйлау әдетіне қайшы келеді. Әдепті жас өзі тұрып өзінен үлкенге орын береді. 
Әлдекімге қызметін бұлдағанда немесе бағамды білмедің деп кейігенде: «Есіктегі басымды төрге шығардым»,-деп
жатады. Онысы-сыйлы адамдардың қатарына сені мен қостым дегені. «Есіктен кіріп, төр менікі деме»,- деген де сөз бар.
Мұны бұрыннан келе жатқан адамдарды сырттан келгендер басынғанда, ежелгі жұртты келімсектер шеттете бастаса,
айтады. Адам баласының ең үлкен, ең жауапты тіршілігі - Отан үшін істелетін еңбек. «Отан отбасынан басталады»,-дейді
қазақ. Өз отбасы қадірлемеген адам Отанын да қадірлеп жарытпайды.
1.
Адамдар бір-бірін қалай қабылдайды? Пікір алысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет