Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Рефлексия.  Кері байланыс парағы



Pdf көрінісі
бет190/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Рефлексия
Кері байланыс парағы
Маған үш затты айт.
3
Үйге тапсырма:
«М. Әлімбаев шығармашылығы» реферат
Сабақтың тақырыбы:
Мұзафар Әлімбаев, оның шығармалары.
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмір жолынан қысқаша мағұлмат беру, мәтін ішінен тұйық етістіктерді, жалқы
есімдерді табу, өзіндік бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Ақын туралы ақпаратпен танысады, тұйық етістіктер мен жалқы есімдерді мәтін ішінен табады, 
өз-өздерін бағалауаға талаптанады.
Жалпы 8-сынып қазақ тілінен «Балалар әдебиетінің ақын-жазушылары» бөлімін орталап жатыр. Бұл тарауда ақын-
жазушылардың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысып жатырмыз. Бүгінгі сабаққа сыныптың оқушылары түгел 
қатысты. Сабағымды психологиялық ахуал туғызудан бастадым. Ортаға шыққан оқушылар тізбек бойымен «Бір зат
есім, бір сын есім» тренингі бойынша бір-біріне тілек білдірді. Келесі қадам топқа бөлу. Топқа бөлу үшін суретті
доминоларды пайдаландым. Әр оқушы өз таңдауларының ұқсастығы бойынша топқа бірігеді. Үй тапсырмасына
көштім. Үйге жұптасып диалог құрау берілген. Әр топтан бір жұп шықты. Үш топтың құраған диалогі үш түрлі.
Диалогті оқу барысында оқушылардың сөздік қорлары аз екендігі байқалды. Себебі, диалог « иә», «жоқ» деген қысқа 
жауаптармен шектелді. Жаңа сабақ тақырыбына түсу үшін бейнебаян көрсетіп, ой қозғау жасадым. Ақын туралы
қысқаша ғана қарап, тақырыптың қандай екенін аштық. Оқушылар жаңа сөздермен танысып, сөз тіркесін ауызша
жасады. Келесі тапсырма мәтінмен жұмыс. Әр топ оқулықтағы мәтінді өз тобымен бірлесе отырып, талдады.
Оқушылар топтық жұмысқа өте жақсы дағдыланған. Әрі мәтін мазмұнын өз сөздерімен жеткізуге тырысады. 
140


Мәтіннің мазмұнын түсінгендерін тексеру мақсатында «Әткеншек» (СТО) әдісін қолдандым. Топ ортасына мәтін
ішінен сұрақтар жазылған постер тастадым. Сұрақ саны топтың мүшесі қанша соған есептелген. Бұлай жасаған
себебім: топ мүшелері түгел қатысуы керек. Постерді топ ішінде айналдырып , сұрақтың жауабын жазады.
Уақытқа сай тапсырма орындалды. Бітірген топ жұмыстарын тақтаға іліп, қорғауға дайындалды. Жауаптың дұрыс,
бұрыстығын тексеру үшін «Галерея»(СТО) әдісін қолдандым. Әр топ ортаға шығып өз жұмыстарын қорғады, ал
қалған екі топ қолдарындағы екі түсті парақша арқылы жауаптың дұрыс, бұрыстығын тексеріп отырды. Жасыл
қалақша-дұрыс, қызыл қалақша- бұрыс. Бұл әдістің тиімділігі топ ішінде бірде-бір оқушы сабақтан тыс қалмайды, әрі 
тексеру барысында өздері жіберген қателіктерді сол бойда тауып түзетеді. 
Келесі тапсырмада мәтін бойынша жаттығу жұмыстары жасалды.
І топ: Мәтін ішінен тұйық етістіктерді теріп жазып, тұйық етістікке айналдыру.
ІІ топ: Берілген етістіктерді септейді. 
ІІІ топ: Мәтін ішінен жалқы есімдерді теріп жазу.
Тапсырма орындау барысында оқушылар тапсырманы бөліп-бөліп алғандығынан олардың ортасында көшбасшылық
қабілеті бар оқушылар бар екендігі байқалды. Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға шығармашылық жұмыс
тапсырдым. Бұл жерде «РАФТ» әдісі мен «Автор орындығы» әдісін қолдандым. Бұл әдісті қолданғаным біріншіден:
оқушылардың осы әдіске деген қызығушылығы өте жоғары екендігін үнемі сабақ үстінде байқайтынмын. Сонымен
қатар бұл жерде оқушының шығармашылық қабілеті дамиды. Әр оқушы өз оймен берілген тақырып төңірегінде өз
ойларынан мәтін құрайды. Бүгінгі сабақта тұйық етістік пен жалқы есімдерді қайталау болғандықтан оқушыларға
рөлге кіріп хат жазуды ұсындым. Яғни, оқушы өз таңдауы бойынша не тұйық етістік, не жалқы есім болып хат
жазады. Жазып болған соң Автор орындығына отырып өз туындысын оқиды. Автор орындығын мен үнемі үй
тапсырмасын тексергенде, сабақты қорытындылаған кезде жеке оқушының білімін тексергенде қолданып жүрмін.
Автор орындығына отыруға қай оқушы да қызықпай отырмайды. Бір-екі оқушының жұмысынан үзінді келтірсем 
төмендегідей:
Сырымов Арсель былай деп жазыпты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет