қонақтарым ,достарым!
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атаңдар, қазір нешінші айы, қалай
аталады?
Аптаның нешінші күні, қалай аталады?
Өткен сабақты есімізге түсірейік. Не жайында айтылды?
«Жеті қазынаның бірі», оның ішінде ит туралы ертегіні
естеріне түсіру.
Тосын сәт.
Балалар, бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті. Ашып
көрейік.
(хатты ашу)
-Бұл хатты бізге Жұмбақбай ата жіберіпті. Мен сендерге
оқып берейін.
Жұмбақтарды шешеді.
(Слайд)
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылды.
Тағы қандай мамандық иелерін білеміз?
Шаттық шеңберін жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Естеріне түсіреді, сұрақтарға
жауап береді.
Қызығушылық танытады.
Жұмбақтарды шешеді.
Білгендерін айтады
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.
Сондықтан бүгін осы мамандық түрлеріне, атқаратын
қызметтеріне тоқталайық. Өзіміз қалаған мамандық
туралы өз ойымызды айтайық.Өмірден өз орнын тауып,
елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Ендеше Жұмбақбай атаның тапсырмаларын орындап
көрейік. Дайынсыңдар ма? Мұқият болайық.
1-тапсырма:
«Суреттерге қарап әңгіме құрастыр». Бірнеше суреттер
берілген. 3-4 бала осы суреттерге қарап, әңгіме
құрастырып айтулары керек.
ІІ-тапсырма:
Дәптермен жұмыс. «Кімге не керек?» дидактикалық
ойыны
. (әр мамандық иесінің қажетті заттарын
сызықпен қосып көрсету керек)
Достарыңызбен бөлісу: