Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


***** Батыс Қазақстан облысы, Қарасу ауылы



Pdf көрінісі
бет194/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

*****
Батыс Қазақстан облысы, Қарасу ауылы
«Ақжелкен» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі
Маулетова Арайлым Мақсотқызы
Технологиялық карта
Уақыты: 
30.09.2016 жыл
Тәрбиеші: 
А.Маулетова
Білім беру саласы: 
«Әлеумет» 
Бөлімдері: 
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: 
«Табиғатты аялайық»
Мақсаты: 
Балаларды туған елдің табиғатымен таныстыру, табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру, 
табиғатты сүюге, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, өлі табиғат, тірі табиғат туралы
түсінік беру.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: 
Слайд, сурет көрсету
Әдіс – тәсілдері: 
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету
Көрнекіліктер: 
Теледидар, суреттер, жәндіктер, жануарлар
 
Билингвалдық компонент: 
Табиғат – Природа, 
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті
қызығушылығын
ояту
Ал, қанекей балалар, бәріміз дөңгелене 
тұрып табиғат анаға ризашылығымызды 
білдірейік
Жылу берген Күнің үшін рахмет!
Өсім берген Суың үшін рахмет!
Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!
Біз ақылды баламыз, жайнай берсін даламыз!
Ұйымдастырушылық 
ізденіс кезеңі
- Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?
- Қазақстан елінің табиғаты бай және 
ерекше. Оған көз жеткізгілерің келеме?
- Олай болса бәріміз теледидарға қарайық
Теледидардан Қазақстанның табиғаты 
туралы слайд көрсету
-Балалар, бізде кең байтақ далада, 
шалқыған өзен – көлдерде, жайқалған 
орманда, асқар биік тауларда бар. Ұлан 
байтақ жерімізде аңдармен құстарда 
мекендейді
- Балалар, бойымызды сергітіп сергіту сәтін 
жасап алайық, бәріміз теледидарға қарап 
көргендеріңді істейміз
- Балалар, Табиғат – дегеніміз бізді 
қоршаған орта, бізді қоршаған ортаға аспан, 
жер,су,ағаштар,өсімдіктер жатады. 
Табиғат өлі, тірі болып екіге бөлінеді. 
Тірі табиғатқа: Ағаш, шөп,гүл, жатады, олар
өздігінен өседі, дем алады, көбейеді, 
денесінде жан бар.
Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады, олар 
өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ
- Балалар енді менің алдымда фешкалар 
жатыр соларды таңдап, орталықтарға 
бөлініп отырайық
- Шығармашылық орталыққа отырғандарың 
мен берген суретті бояп берулерің керек, 
бұл суретте өлі табиғат түрлері
Ал, қатынас орталығына отырғандарың тірі 
Қазақстанда 
Ия
Балалар слайд қарап, тәрбиешінің айтқанын 
тыңдайды
Балалар теледидарға қарап көргендерін 
жасайды
Балалар табиғат туралы тәрбиешінің 
түсіндіргенін тыңдайды
143


табиғат туралы яғни ағаш, гүл, жануарлар 
туралы мақал – мәтел не болмаса тақпақ 
айтасыңдар
-Ал балалар, жарайсыңдар енді бәріміз ойын
ойнаймыз «Табиғатты қорғайық» ойыны 
Шарты: Әр бала табиғат түрлерін плакатқа 
жапсырып, табиғат көрінісін бейнелеп 
береді.

Гүлді жұлуға болмайды

Ағашты кесуге болмайды

Суды ластауға болмайды

Күнімізді бұлт баспасын

Құсты атуға болмайды

Жасыл шөпті жұлуға болмайды

Аңдарды қорғауымыз керек

Асқар тауларымыз биік болсын
Балалар фешкалар таңдап орталыққа бөлініп 
орындарына отырады
Шығармашылық, қатынас орталығындағылар 
тәрбиешінің берген тапсырмасын орындайды 
Балалар ойынды қызыға ойнайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет