Сергіту сәті:
«Сиқырлы қалпақ».
Мақсаты:
Қуаныш сыйлау іскерлігін меңгерту.
Дөңгелене тұрады. Әуен бойымен қалпақ бір-біріне беріледі. Әуен тоқтаған кезде, кімде қалпақ қалса, сол адам шеңбердегі
бір адамға жылы сөз немесе комплимент айтады.
4.
«Сиқырлы қарындаш» жаттығуы.
Шарты: Шарларға бала тәрбиесі жайлы жағдаяттар жазылып ішіне салынады.Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып,
шарларды сиқырлы қарындашпен кезекпен жарып, ішіндегі жағдаяттарды оқып, ата-аналар бірлесіп шешеді.
Ата-ана мен балаға байланысты жағдаяттарды шешу.
Үрленген шардың ішінде жағдаяттар жазылған. Сіздер сол шарды жарып, ішіндегі жағдайды оқып, сол жағдайдан шығу
жолдарын ұсыныңыздар.
1. Сіз балаңызбен саябақта қыдырып жүріп, өсіп тұрған әдемі гүлдердің біреуін жұлып алдыңыз. Сол кезде балаңыз сізге:
«Ана, ол гүлді неге жүлып алдың? олай жасауға болмайды ғой»-деген сөзін естігенде сіз не істейсіз? Балаға қандай жауап
қайтарасыз?
2. Сіз балаңызбен аулаға серуендеп, балаңызбен ойнап келуге шықтыңыз. Ойын алаңында сіздің балаңызбен тектес жасар
балалар ойнап жүр. Сіздің балаңыз да сол балалардың қастарына ойнауға барды. Бірақ басқа балалар сіздің балаңызды
ойынға қоспай тұр. Ал сіздің балаңыз мұңайып, жылап тұр. Сол кезде сіз қандай әрекет етер едіңіз?
5.Ассоциация .
1. Отбасы деген не?
(Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен
бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.Отбасы – шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім,
сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады ).
2.«Ел болам десең – бесігінді түзе»
деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Бұл нақыл сөзді қалай т
үсінуге болады?
Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала
ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |