Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
«Жігер» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Наженова Кундыз Ибатовна
«Аяулы анашым»
(8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік)
Мақсаты:
Әр адам үшін басты тұлға Ана туралы түсіндіру. Балалардың тілдерін ойлау
қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.
Қымбатты
әжелер мен абзал аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-
наурыз аналар мейрамымен құттықтап, тікелей эфир арқылы мерекелік тартуымызды ұсынамыз.
Той тойлап, дала менен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым,
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтауға келеді балаларың- дей келе көгілдір экранда « Ақ тілектер» арнасын ұсынамыз.Ана өмір ана гүл, анам бар деп
сыйлай біл дей келе алдымен келіп түскен хаттармен таныстырайық.
1 хат.
Райхан, Саяжан есімді гүлдер тобының тәрбиеленушілері өзінің әжелерін мерекемен құттықтап, өз тілектерін
білдіргісі келеді екен. Олай болса тыңдап көрейік.
Құттықтауымызды әрі қарай « Гүлдер» биімен жалғастырамыз. Қабыл алыңыздар.
2 хат.
Мерлан, Шырын, Айқаракөз есімді бүлдіршіндерден келген екен. Олар өздерінің аналарын мерекемен құттықтап,
жылы лебіздерін өлең жолдарымен жолдасақ деп тілек білдірген екен. Тілектері қабыл болсын деп сөз кезегін берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!» әнімен әсемдейміз.
3 хат.
Қадіржан, Мадина, Жанель есімді бүлдіршіндерден келген екен. Оларда өз аналарын мереке мен құттықтап , балалық
ақ тілектерін айтқысы келетіндерін айтқан екен. Ұсыныстарын қабыл алып құттықтау өлең жолдарына берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Анашым» әнімен жалғастырамыз.
4 хат
. Алина, Тұрлыхан, Адина есімді бүлдіршіндерден келген екен. Олар біз аналарымызды құттықтап өз тілектерімізді
сіздің ақ тілектер арнасы арқылы жеткізгіміз келеді деп жазыпты хат иелері.Олай болса хат иелеріне сөз берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Стирка» биімен жалғастырамыз.
5 хат.
Айару, Жандос есімді бүлдіршіндер біздің арнамызға хат жолдай отырып, өздерінің балалық ақ тілектерін өлең
жолдарымен жеткізсек деп ұсыныс білдірген екен. Ұсыныстарын қабыл алып кезекті өлең жолдарына берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Көктем» биімен жалғастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: