ДИОГЕН Лаэрттік (ІІІ ғ. – ІІ ғ. жартысы) – грек жазушысы. Оның 10 кітаптан тұратын «Өмірі, ілімдері және атақты философтардың нақыл сөздері» деген көлемді шығармасының ежелгі заман философиясы тарихы жөнінен бізге дейін жеткен бірден-бір жиынтық еңбек ретінде маңызы бар; онда грек философиясының Секст Эмперикпен аяқталатын өкілдерінің өмірбаяндық мәліметтері мен ілімдері қамтылған. Д. кейде тіпті анекдот деуге болатын әртүрлі нақыл сөздер мен мәліметтерді жинастырушы ретінде назар аударуға лайық. Әсіресе стоиктер мен Эпикурға арналған бөлімдері қызықты, соңғы кітабында Эпикурдың бізге жеткен бірден-бір шығармасы оның үш хаты мен «ең басты ойлары» келтірілген. Д. стоиктерге сын көзбен қараған; ал скептиктер мен Эпикурға ілтипатпен қараған.