Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Дидро Д. Собр. соч. – М., 1935–1947. Т. 1–10; Философия



бет235/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Дидро Д. Собр. соч. – М., 1935–1947. Т. 1–10; Философия.
Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 238–239.


ДИКТАТУРА (лат. dictatura – үстем билік) – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың күш қолдануға негізделеген тәсілі. Мазмұны мен мән жағынан демократияға қарсы ұғым. Д., әдетте, әлеум.-экон. дағдарыстың асқынып, әлеум. Топтар мен жіктердің арасындағы саяси күрестің шиеленіскен кезінде, төтенше жағдайларда пайда болады. Ол авторитарлық және тотали- тарлық, әскери және азаматтық, революциялық, консервативтік, реакция- лық, т. б. мемлекеттегі биліктің тармақтарға бөлінбейтіндігімен, азаматтық- қоғамдық бастаманы басып, жаншылдығымен сипатталады. Саяси және әлеум. бақылау тәсілі дөркі күшке негізделіп, армияға арқа сүйеді. Елде қа- таң тәртіп орнайды. Марксизм-ленинизм ілімі Д. ұғымын кеңінен қолданды, бірақ тек өзінің идеол. мүддесі тұрғысынан түсіндірілді; яғни белгілі бір топтың – әлеум. жіктің үстемдік құруы ретінде бейнеледі. Алғашқы кезеңде пролетариат Д-сы қанаушы топтың қарсылығын басу үшін керек, одан кейін ол әлеум.-әулеттік айырмашылықтың бәрін жояды, тапсыз қоғамға өтуге алғышарттар әзірлейді деп санады. Шын мәнінде, пролетариат Д-сы тұрпайы күштеу, зорлық-зомбылық арқылы орнап, басшылық жасады. Сондықтан сенімнен айырылып, көздеген мақсатына жете алмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет