Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет346/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   571
Байланысты:
treatise187525

КОМИКАЛЫҚ – адам сезіміне әсер ететін зілсіз, көрнекті, қызық қарама-қайшылықтағы іс-қимылы. Мыс. әйел даусымен сөйлейтін ұзын бойлы, толық еркектің жағдайын К. деп атауға болады. Кейде адамдар коми- калық жағдайға әдейілеп, не байқаусызда тап болуы мүмкін. («Бриллиантты қол» фильмін еске түсіріңіз). Комизмнің бірнеше түрін атауға болады: әсерлі комизм, нәзік комизм, қызықты комизм, гротескті комизм, трагикомизм және т. б. Қалжыңдарда көбінесе ашық айтылған күлдіргі сөздермен қатар, жасырын астары бар сөздер де қолданылады. К. жағдай табиғи жолмен қалыптасуы мүмкін, жасанды жолмен де қалыптасуы мүмкін. Біріншісі адам сезіміне оң әсер етсе, екіншісі – берекесіздікке, өрескелдікке әкелуі мүмкін. К-тың жоғарғы сатысы ретінде юморды атауға болады.


КОММУНИЗМ (лат. – ортақ) – маркстік-лениндік философияның бас- ты категорияларының бірі. Адамзат тарихы өзінің даму барысында әртүрлі тап күрестерінің арқасында әртүрлі қоғамдық формациялардан өтіп, ақырында осы К-ге жетеді. Бұл адамдардың бәріне игілік, жақсылық әкеле- тін қоғам. Ондай қоғам туралы алғашқы ойлар Платонның, Аристотельдің, Фарабидің идеалды мемлекет туралы ілімдерінде кездесті. Жаңа заман кезінде Т. Мор, Т. Кампанелланың еңбектерінде, Асан қайғының қой үс- тінде бозторғай жұмыртқалаған «жерұйық» туралы ойларында адамдарға байлық, бақыт әкелетін қоғамды аңсап, армандау жатыр. Маркстің, Лениннің, олардың ізбасарларының шығармаларында К. адамдарды тең қылатын, әділетті, жеке меншік жойылған, қоғамдық табыс адамдардың мұқтажы мен физикалық мүмкіндіктеріне қарай бөлінетін экономикалық- қоғамдық формация ретінде уағыздалады. Бұл ұлы ойшылдардың «балалық утопиясы» еді. Өйткені, нағыз рухани жетілудің көзі болып табылатын дін жоққа шығарылып, оның тек апиын деңгейінде сипаттау К. туралы ілімде басымдық танылады.


КОММУНИКАЦИЯ (лат. communіcatіo – қатынас, байланыс) – қаты- нас, байланыс, хабарлау амалдарының жолдары. Адамдардың бір-біріне хабар беру (идея, образ, баға, белгі т. б.) жолдары, бір-бірімен хабар алысу- шыларды байланыстыратын канал, хабарды беру және алу процесі, хабар- ды алу және беру барысындағы байланыс т. б. К-ға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет