Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет348/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


КОНВЕНЦИОНАЛИЗМ (лат. – келісім) – философиялық қағида ретінде, логиканың қағидаларын тек келісімділіктің шарттары деп есеп- тейді. Сирегірек, термин К. этикада императивтік пен конвенциалдықты (келісімділікті) бір-біріне қарсы қойғанда қолданылады. Р. Карнап К-ді жарасымдылық (төзімділік) қағидасы ретінде қарастырып, ғылымның және қоғамның ережелерін қалыптастырғанда тілдің рөлін ерекше атап өтеді. Егер «конвент» сөзінің ағылшын тілінде де, француз тілінде де заң шығарушы мәжіліс екенін, ал «конвенция» сөзінің келісім-шарт ұғымын беретінін ескерсек К-ді консенсустың идеялық платформасы деп қарауға және жеке адамдардың, топтардың, мемлекеттердің, әртүрлі саяси күштер- дің пікірлерін келістіру арқылы ортақ келісімге келуге мүмкіндік беретін саяси бағыт ретінде қарастыруға болады. К. саяси философия ретінде – қоғамның ашықтығының, қабылданған саяси шешімдердің сапасын тексеру мүмкіндігінің белгісі деп түсінуге болады.


КОНВЕРГЕНЦИЯ (лат. convergere – жақындасу, түйісу, қиылысу) – этнографияда әртүрлі халықтардың мәдениетінде қоғам дамуының жалпы заңдарының ықпалымен бір-бірінен тәуелсіз туған өзара ұқсас немесе бірыңғай мәдени құбылыстарды білдіру үшін қолданылатын термин. Ал мәдениет конвергенциясы – мәдениеттердің жақындасуын, бірігуге бейімділігін, процестерді айқындайтын термин. Мәдениет айырмашылығы күннен-күнге азаюда, бұның аяғы синтездік нәтиже беруі мүмкін деген болжам да жоқ емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет