Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008



бет374/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008.


ҚОҒАМДЫҚ САНА – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әртүрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиын- тығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде бел- сенді, яғни, қоғамдық болмысты бейнелеп қана қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді. Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осын- дай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы- адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адам-дар- дың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлғаның екінші тұл- ғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қара- пайым уайым-қуаныштарының, үміттері мен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс- тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет