224
саясаты тұрғысынан шешеді. Мұның өзі жазушының әр жанрда жазған
барлық шығармасына бір ғана идеялық ерекшелік бітіреді. Бұрыннан
осылай болған, кеше осылай болды. Бүгін Сәбеңнің өзі жоқ, Енді бұл
беттен оны ешбір күш қайтара алмайды. Тарихта осылай болып қалады.
Идеялық бірлікпен қатар, әр жазушының творчествосынан тақырып
ерекшелігін аңғару да қиын емес. Мұның өзі әр сипатта көрінеді. Орыс
әдебиетінің теоретиктері (әсіресе Л.Тимофеев), мысалы, Шолохов ылғи
Дон казактары туралы жазатынын, Фадеев көбіне Сибирь партизандары
жөнінде жазған болса, Панферов Поволжье шаруалары жайлы
жазғанын айтады. Бұл заңды да: жазушы қандай шындықты жете білсе,
шығармасына соны тақырып етпек. Мұндай жағдай қазақ әдебиетінде
де бар, мысалы Ғ.Мұстафиннің көп шығармаларына («Миллионер»,
«Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзкөрген», т.б.) арқау болған шындық
Қарағанды маңындағы қазақтар өмірі болса, Х.Есенжанов трилогиясы
мен дилогиясы Орал қазақтарының, Ә.Нұрпейісов трилогиясы Арал
қазақтарының өмірінен туды. Жазушы творчествосы оның өмір
тәжірибесімен тығыз байланысты екеніне, суреткер нені жақсы білсе,
сол жайлы жазатынына дәлел.
Тақырып ерекшелігімен қатар, әр жазушының творчествосында
мінез
(характер) бірлігі деген болады. Мұны, әрине, бір жазушы он образ
жасаса, бәрінің мінез-құлқы бірдей болады деп ұқпау керек; он образ он
түрлі мінездің адамы бола берсін, бірақ он мінездің де жасалу тәсілдері
бір-біріне ұқсап отырады. Бір жазушы, айталық, адам мінезін қимыл-
әрекет үстінде танытута бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл күйін,
сезім-сырын, ой-арманын, әр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу
арқылы ашуға шебер...
Мінез бірлігімен қатар, әр жазушының творчествосынан оның тек
өзіне ғана тән
Достарыңызбен бөлісу: