213
үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі
болу себебі де осыған байланысты.
Романның даму жолдары – өз алдына жеке тарих болса, сол тарихтың
кезең-кезеңдерінде туып,
қалыптасқан жанрлық, түрлері тағы да коп.
Орта ғасырдың «Тристан мен Изольдасынан» Ояну дәуірінің «Гаргантюа
мен Пантагрюэліне» келетін рыцарлық эпостың бар бұралаңын түгел
қозғамай-ақ, М.Сервантестің «Дон Кихотындағы» серілік сипатты
айтқанның өзінде біраз шежіре шерткен болар едік. Бірақ бұл –
әдебиеттің теориясы емес, тарихына қатысты әңгіме, сондықтан біз
романның әр тұстағы жекелеген жанрлық үлгілері
ретінде Лесаж ден
қойған плуттық роман, Дюма көп жазған авантюралық роман, Вальтер-
Скоттан басталатын тарихи роман, Бальзактан былайғы психологиялық
роман, Жюль Верн өрбіткен фантастикалық роман, Чернышевский
туғызған публицистикалық роман... болғанын атап қана тынамыз.
Өйткені романды бұлайша түрлендіріп, әр түріне мінездеме беріп түгесу
тіпті мүмкін емес. Түрлер шексіз, туған үстіне туындай береді. Мәселен,
бір ғана Б.Томашевскийдің өзі утопиялық роман, семьялық роман,
мещандық роман, бульварлық роман, роман-күнделік роман-фельетон...
деп жіпке тізе жөнелгенде ондаған түрді бір-ақ көгендеп тастайды. Оның
үетіне, осынау атаулардың бәрі шартты екенін ескерсек, әрқайсысынан
жеке-жеке қисын қорытудың қажетсіздігі өзінен-өзі айқын болуға тиіс.
Романның
кең құлашты, мол тынысты синтетикалық жанр ретінде
әбден кемелденген кезеңі – сыншыл реализмнің тұсы. Бұл ретте «көркем
прозадағы Гомер мен Шекспир дәрежесіне көтерілген Толстой мен
Достоевский» (Кожинов) романдарын атаған жөн. Өткен ғасырдағы
орыс романы осылар санатындағы алып суреткердің арқасында бір ел
емес, бүкіл адам баласының көркемдік даму тарихында айта қалғандай
адым жасағаны жұртқа мәлім. Мазмұндағы
салиқалы бітім мазмұнды
пішіндегі жан-жақтылыққа әкелді: авторлық баяндау мен суреттеу,
қаһармандардың монологтары мен диалогтары, әр тәсілді мүсіндеу мен
мінездеу, жинақтау мен даралау, сөздегі сурет пен психологиялық дәлел,
биік парасатты пафос пен терең философиялық толғам...
Проза – қазақ, әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң
дамыған сала. Абай Құнанбаевтың ғақлиясы мен Ыбырай Алтынсариннің
әңгімелері, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», Спандияр
Көбеевтің «Қалың малы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы»
жаңа туған жас жанрдың алғашқы
тәжірибелері ғана болса, тарихи
жағынан қысқа мерзім ішінде Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезовтің,
Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің,
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің күрделі де кесек шығармалары арқылы көп
ұлтты үлкен кеңес әдебиетінің ең алдыңғы
қатарына бір-ақ ырғып
шықты. Бұл – қазіргі қазақ прозасын, оның ішінде роман жанрын сөз ете
қалғанда атап айтар айрықша сипат.
214
Дүниежүзілік әдебиеттегі кең көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз
жыл ішіндегі дамуына тән тағы бір тамаша сипат – эпопеяның кемелденуі
болса, қазіргі қазақ романы бұл сипатқа да еркін ие болып отыр. «Роман-
эпопеяның басты ерекшелігі – деп жазады профессор Т.Нұртазин, – онда
бір романның кемерінде бірнеше роман иіндесе сыйысады. Қазақтың
эпопеялық романдарының ішінде мұндай ерекшеліктер «Абай жолында»
бар. Романның төрт кітап болуының өзі бір романда төрт романның
басы тоғысқанын көрсетеді. Төрт кітап Абайдың басымен байланысты
оқиғалармен тұтаса желіленеді. Алайда әр кітаптың логикалық тынысы
бар»
67
. Ғалымның осы ойлары және осыған байланыстыра айтқан «тұйық
роман», «ашық роман» туралы тұжырымдары жанр табиғатын танығысы
келгендерді бір алуан қызық толғанысқа мезгейтін кенеулі пікірлер.
Достарыңызбен бөлісу: