Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет44/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Теңеу (сравнение). 
Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, 
өзгешелік белгілерін көрсетпей-ақ, нәрсемен салыстырып та суреттей 
алады. Бұл салыстыруды 
теңеу
деп атайды. Теңеудің өзіне тән ерекшелігі 
– белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге елестету.
Теңеулердің көпшілігі зат есімге, есімше, етістікке жалғанған 
-тай 
(-тей), -дай (-дей), -ша (-ше)
және 
-дайын (-дейін)
 
жұрнақтары арқылы 
жасалады. Мысалдар:
Оның 
сөзі
көкте жанған 
жұлдыздай.
Оның 
сөзі
– желден жедел найзағай,
Оның 
сөзі күндей
күліп, жарқырап,
Сақталады жүрегімде ол ұдай. 
(Жамбыл)
Отқа төккен 
тұздай
боп,
Сықырлап сынған 
мұздай
боп 
Жарылды бір күн қабығы.
Қанаты қызыл 
бүлістей,
Тұяғы болат 
күмістей,
Шықты құстың алыбы.
(Сәбит)
Желектей
желпіп желінді,
Желқомдай
жырттым жеріңді,
Түбіттей
түтіп бұлтыңды.
Таспадай
тілдім толқынды,
Бағынбай кеннен нең қалды?
(Тайыр)
Бұл келтірген мысалдардан екі нәрсенің (теңейтін нәрсе мен теңелетін 
нәрсенің) сыртқы ұқсастығы болғандықтан теңелетіні көрінеді. Теңейтін 
зат пен теңелетін заттың не себептен, не үшін теңелгенін тереңірек 
алып қарасақ, оның түпкі қазығы жазушының көздеген мақсатымен 
байланысты. Теңеудің ішінде 
болымсыз теңеу
дейтін болады. Бұнда бір 


68
затты екінші затқа теңегенде болымсыз мағына шығарады, мы салы: «
Ол 
онша әдемі жігіт емес. Дегенмен бір көруге сиықсыз адам сықылды да 
емес. Денесі томардай жуан да емес. Тал шыбықтай жіңішке де емес»

т.б.
Жалпы теңеу, оның ішінде болымсыз теңеу өлеңде де, қара сөзде де 
кездесе береді. Есте болатын бір нәрсе жазушының жалпы тіл, оның 
ішінде эпитет, теңеулер оның шыққан ортасымен байланысты болады. 
Өндірісте, ауылда өскен жазушының тілі, эпитет, теңеулері де көбіне сол 
ортадан алынады. Сондықтан тіл, образ қолданыстарына қарап, қандай 
ортадан шыққан ақын, жазушы екендігін білуге де болады. Мысалы:
Топта бір нұрың балқиды
Сарыатанның айындай...
Еркелейсің, жан сәулем,
Қысырдың қызыл тайындай.

(Халық өлеңі)
Бұны шығарушы адам белгісіз болған күннің өзінде теңеу, эпитет, т.б. 
жақтарына қарап, бұл өлеңді шығарушы мал шаруашылығымен тіршілік 
еткен ортадан шыққан ақын деп, кім де болса айта алады. 
Өмірдің әртүрлі жақтарын суреттеу үшін эпитет, теңеулер жазушыға 
тіл құралының негізгісінің бірі боп саналады. Пушкин, Горький, Абай, 
Сәкен, Ілиястай үлкен суретші, ірі ақындардың еңбектерінде эпитет, 
теңеулері көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет