Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет46/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
 
тауда ойнаған қарт 
марал

Табаным тасқа тиер деп, Сақсынып шыққан қиядан».
Мұндағы метафоралық ұғым «
мен – марал
»; ақын өзін маралға 
балайды, бірақ ол тікелей балап, «мен – марал» демейді. Бірнеше сөздер 
арқылы маралдың өзін суреттеп барып, сосын балайды. 
Қарт марал, 
тауда ойнаған марал, табаны тасқа тиер деп, алдын ойлайтын сақ 
марал
, қысқасы, толып жатқан эпитеттердің бәрі де «марал» деген 
сөзді айқындайды. Ақын өзінің кім екендігін айту үшін әуелі маралды 
суреттеп, оны оқушылардың көз алдына елестетіп алады да, сосын барып 
өзін маралға ба лайды.
Өмір құбылысын суреттеуде, бір нәрсені жеріне жеткізе көрсетемін 
дегенде ақындар метафораның күрделі түрін қолданатындығы байқалады.
Біржанның Сарамен айтысында өзін таныстырған жерін алсақ, түгел 
дерлік күрделі метафораға құрған.
Жорғамын
шаршы топта самғайтұғын,
Бәйгі аттай серпінімді шалмайтұғын.
Әнімді он екі взвод жіберейін,
Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын.
Ежелден құлаш мойын 
көк айылмын,
Ылауға алты күнге талмайтұғын.
Ой желке, қамыс құлақ, 
теңбіл көкпін,
Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын.
Эпитет, теңеу, метафоралар көркем шығармада бір-бірімен 
байланысты келе береді. Метафоралық эпитет яғни бір сөйлемде не 
өлеңнің бір жолында әрі эпи тет, әрі метафора кездессе және эпитет 


73
метафораны айрықша көрсетуде қолданылса, оны 
метафоралық эпитет
дейді.
«Иісің
– 
гүл
аңқыған, 
Нұрың 

күн
шалқыған». Бұл үзіндідегі 
«
иісі – гүл», «нұры – күн
» деген сөздерді жеке алсақ, таза метафора, 
бірақ иісі тек жай гүл емес, иісі – аңқыған гүл, нұры – жай күн емес, 
шалқыған күн. «Аңқыған, шалқыған» тәрізді өткен шақтық есімше 
етістіктер арқылы жасалған эпитеттер яғни балап отырған нәрсесін 
жекелеп, көзге түсер дәрежеге көтеріп отыр. Метафораның мұндай 
түрін 
метафоралық эпитет
деп атайды.
Ал теңеу мен метафораның айырмасымен қатар, бір-біріне 
жақындығы да көп. Жалпы алғанда, 
метафора
– сыртқы не ішкі бір 
ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау, мағынасын 
ауыстырып қолдану дедік. Сонымен қатар мағына жағынан алғанда, 
метафорада балайтын нәрсе мен баланатын нәрсенің арасына тепе-
теңдік белгісін қоюға болады. «
Исатай – арыстан
» – метафора, 
«
Арыстандай Исатай
» – теңеу.
Теңеуде де, метафорада да екі нәрсе алынады, бірақ мета-
форада бір нәрсені екінші нәрсеге балайды, екі нәрсенің арасы-
на тепе-теңдік белгісі қойылады. Теңеуде ондай белгі болмайды. 
«Исатай – арыстандай», ол әлі арыстан емес, сол сықылды, тәрізді. 
Арыстан арқылы оның айбатын, ерлігін ғана шамалаймыз не көзге 
елестетеміз. 
Аристотель теңеу мен метафора туралы айта келіп: «Ұмтылды 
Ахилл – арыстан», «Ұмтылды Ахилл арыстандай» – деген мысал 
келтіреді де, алдыңғысы – метафора, соңғысы – теңеу дейді. 
Теңеудің өзіне тән жұрнақтары бар: -
тай

-тей,
т.б. Бұл – форма 
жағынан айырмасы. Ал жақындығы – теңеуге тән жұрнақтарды 
қысқартса, барлық теңеу метафораға айналады.
Егер барлық метафораға теңеудің жұрнақтарын қосса, сөз 
теңеудің мағынасын береді. Оқушыларына әсері жағынан орынды 
қолданған метафора әрі өткір, әрі нанымды. Мұнда айтайын деген 
ойын, суреттейін деген нәрсесін үзілді-кесілді айту жағы басым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет