Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Синекдоха  (грекше  – synekdoche



Pdf көрінісі
бет48/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Синекдоха 
(грекше 
– synekdoche
 
– меңзеу).
 
Троптың өзгеше 
бөлінетін түрі 
синекдоха
деп аталады. Бүтіннің орнына бөлшекті, 
бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, көпшенің орнына 
жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану да 
синекдоха
болады.
Бұл бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін (басың нешеу?); 
бөлшектің орнына бүтінді (жұрттың қалай екенін ұқпадым) 
қолдану. Біреуге: «Басың нешеу?» дегенде оның басын сұрап 
отырғанымыз жоқ, неше адамы бар екенін сұрап отырмыз. Сол 
үйдің адамдарының орнына тек қана бастарын аламыз. «Жұрттың 
қалай екенін ұқпадым!» дегенде барлық жұртты айтып отырған 
жоқ, біреуді айтып отыр.
Бір адамның орнына «жұртты» деген сөзді айтса да, бұдан барлық 
жұртты ұқпаймыз, сөз аңғарына қарап, бір адамға ға на қастап 
айтқанын білеміз. Мысалы: «Тары пісіп тұр», «Жылқы көрдің бе?» 
дейді. «Та ры», «жылқы» – жекеше. Дұрысын айтқанда, «тарылар, 
жылқылар» деу керек қой, бірақ көпшесін айтпай-ақ, жекешесін 
айтсақ та, көпшесінің мағынасын беретін болғандықтан, жекеше 
«тары, жылқы» деп қолдана береміз. «Абайлар күшті ақын ғой» 
дейміз. Шынында, Абай біреу, әйтсе де осылай айтылады да, айтуға 
болады да. Жекешенің орнына көпше, көпшенің орнына жекешені 
қолданушылық өлеңдерде жиі кездеседі. Мысалы:
Жау
жоғары, біз төмен. – 
Жау
күшімнен қорғалад,
Жау
жоласа жорғалап,
Күл болған 
жау
күл болад.
(Жамбыл)
Дұрысын алғанда 
жаулар, 
өйткені жау біреу емес, көп. Ішкі, 
тысқы жаулар бар, бірақ «жау» деген көпшенің мағынасын беріп, 
«жаулардың» орнына қолданылып отыр.
Кейде төмендегілер тәрізді, есептеп білуге болмайтын бір нәрсені 
сан жағынан пәлен деп кесіп айтушылық та синекдохаға жатады. 
«
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады
» дейді. Бұл 
– есептеуге болмайтын нәрсе. Отыз тістен шыққан сөз, мүмкін, 29 
рулы елге жайылатын шығар, мүмкін қырық рулы елге жайылатын 
шығар, оны есептеп шығарған ешкім де жоқ. Әйтсе де, отыз деп 
кесіп айтады. Абай бір өлеңінде былай дейді:


77
Қысқа күнде 
қырық жерге
қойма қойып 
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын, –
(Абай)
Орғып су 
мың
бүктеліп, 
тоқсан
толқып,
Талқандап көпірлерді қамал қырқып,
Тастарды 
мың
жасаған мөңкіткендей,
Лақтырды допша қағып, жұлқып-жұлқып.
(Тайыр)
Осы келтірген үзінділерде әр нәрсені сан жағынан кесіп aйтушылықтар 
бар, брақ сол сандардың қайсысын болсын ақындар санап алып, сосын 
жазып отырған жоқ. Бір құбылыстың бейнесін көзге елестетіп оқушыға 
тұжырымды ұғыныс беру үшін, ретіне қарай бір санды кесіп айтады. Есте 
болатын нәрсе, синекдоха мен метонимияның арасына үзілді-кесілді шек, 
айырым қою қиын. Мысалы: «
Тиеді ер пайдасы сасқан жерде, Етегін 
ер жаңылып басқан жерде
» деген үзіндідегі «
етегін басқан
» деген сөз 
бір жерде синекдоха болса, екінші жерде метонимия болуы мүмкін. Егер 
бұл сөз, ердің ісінің теріс келгендігі орнына қолданылса, метонимия 
бо лады да, ал оның киімінің бір бөлшегінің орнына қолданылса, онда 
бүтіннің орнына бөлшекті қолдану синекдохаға жатады. Синекдоха 
метонимияның бір бөлшегіне ұқсайды, екеуінің арасында үзілді-кесілді. 
айырым қоюға болмайды дейтін себебі осы.
Метонимия, синекдоха
көркем әдебиет тілінде көп кездеседі. Өзінің 
суреттейін деген құбылысын айқын, ашық түрде суреттеп беру үшін, 
өзінің айтайын деген идеясын үндеуде, бұларды шеберлікпен тауып 
қолданса, сөйлем тым ширақы, өткір брлып келеді. Бір заттың орнына 
екінші затты, не бөлшегін, не көпше, жекешесін айтса да, ең керектісін 
айтқандықтан, сол заттың, бүтін кескінін суреттеуден артық түспесе, кем 
түспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет