Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет49/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Символ 
(грекше
– 
symbolon
 
– нысана, бейне, белгі).
 
Тура өз 
мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса
символдық образ
немесе символ деп аталады.
Біз теңеу, метафора, символдарды алып салыстырсақ, араларында 
жақындықтары барлығын көреміз. Бұлардың арасындағы айырмалары 
мынау: теңеуде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсенің екеуі де 
көз алдымызда тұрады. Сөз метафоралық ұғымында қолданылса
құбылысты көрсететін сөз арасындағы жақындығы арқылы екінші 
сөзге ауыстырылады, ал символда теңеудің бір ғана мүшесі болады. Сол 
кеңейтіліп жеке образға айналдырылады. Ол нәрсенің басқа тереңірек 
мағынасы туралы болжалдап, шамамен ғана білеміз. Метафорадағы 
өзгешеліктер сықылды символдардың да өзара өзгешеліктері бола ды. 


78
Бұл өзгешеліктер автордың шындық болмысты қалай тануына, таптық 
көзқарасына бағынады. 
Негізінде 
символизм ағымы
– әлсіреп сахнадан шығып бара жатқан 
тап әдебиетінің ағымы болды. Олардың идеалистік символикалары бізге 
жат және зиянды, бірақ символды әдебиеттің әдісі ретінде революцияшыл 
таптың өкілі пролетариат жазушылары да қолданатынын, шындық өмір 
құбылысын символмен көрсете алатынын біз жоғарыда айттық. Біздің 
символды қолдануымыз шьндықпен нық байланысты
.
Аллегория 
(грекше
 
– allegoria
 
– пернелеу, меңзеу)
 
троптың
 
бір 
түрі. Аллегорияда пікір астарлы келеді, бірақ астарлы сөйлеудің әр 
түрі бар. Кейде астарлау жұмбаққа айналып кетеді. Ондай жағдайда 
астарлы мағынаны әркім әртүрлі ұғынуы, әр басқа түсінуі мүмкін. 
Ал, аллегория сол астарлап, пернелеп сөйлегенде дерексіз ұғымдарды 
деректі, тұжырымды образға айналдырады. Мысалы: Қулық, сұмдық, 
айла, әділдік, жауыздық, қастық, достық – бәрі де, жеке алғанда, 
дерексіз жалпы ұғымдар. (Әрине, өмірде олардың тұжырымды ұғымға 
айналатын кездері де болады). Адамдардың араларында болатын қарым-
қатыс, күрес-тартыстар белгілі бір жағдайда оларды деректі заттай-ақ 
сезіндіреді. 
Әдебиетте осы айтылған тәрізді дерексіз ұғымдарды деректі ұғымға 
айналдырып, әрқайсысы бір нәрсені не айуандарды меңзейтін сөз 
образын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет