Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Шет сөздер және интернационалдық сөздер



Pdf көрінісі
бет40/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Шет сөздер және интернационалдық сөздер. 
Көркем
 
әдебиет 
тілінде күнделікті айтылып жүрген сөздерімізде шетелдердің тілдерінен 
алынған сөздер көп. Бұл сөздер 
шет сөз
деп аталады. 
Мысалы: «кітап», «әдебиет» араб сөздері, бірақ тілімізге әбден сіңіп 
кеткеңдіктен, оның шет сөз екені байқалмайды. Бұрын жұртқа шет сөз 
боп көрінген сөздер тілге кіріп, әбден сіңіскен соң кәдімгі үйреншікті 
сөзге айналады. Бір елдің тіліндегі сөздер екінші елдің тіліне жай 
кіре салмайды. Бұл белгілі, қоғамдық шаруашылық жағдайларымен 
байланысты қарым-қатынас арқылы енеді.
Қазақ тіліндегі көп сөздердің араб, парсы тілдерінен кіруінің өзі 
кездейсоқ нәрсе емес. Араб сөздері қазаққа ислам дінімен ере келді. 
Қайсы бір сөздер кершілес өзбек, татар арқылы сауда, егін кәсібімен 
байланыс түрде келіп кірді. Бұл шет сөздер әдебиетімізден де орын алды.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма!
Мұны жазған білген құл
29
Ғұламаһи
30
Дауани. 
Солай депті ол сыншыл. 
Осы үзіндідегі «
ғұлама
», «
құл
», Әубәкірдің: «Мәсуак
31
ұстамадым 
29
Құл – адам. 
30
Ғұлама – өте білгіш, көп оқыған кісі (Дауани кісі аты) 
31
Мәсуак – молдалардың еменнен істелген тіс ысқышы. 


63
шалмаменен» деген сөзіндегі «
мәсуак
» – араб діні, әдебиетімен 
байланысты кірген сөздер.
Интернационалдық сөздер. 
Осы күнгі советтік қазақ көркем әдебиет 
тілінде де, жалпы тілімізде де, халықаралық пролетариат күрестерінен 
алынған 
пролетариат, социа лизм, коммуна, коммунизм, марксизм, 
ленинизм, интернат, ин тернационал
деген революциялық саяси 
сөздер көп қолданылады. Бұны интернационалдық сөздер дейді. Бұлар 
дүниежүзіндегі адам баласының бәрі білетін, бәріне бірдей сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет