Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет36/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Көркем тіл. 
Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, 
суретші бояуды қандай жақсы білсе, жа зушы тілді сондай жаксы білуі 
керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп 
жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Әрине, 
тіл жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең 
ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көніл, өжет ерлік, ұяң әдеп-әркен, т.б. 
адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері 
де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар. Солардың ішінен ең 
жақсыларын таңдап, талғап алудың және оларды сөйлемде орнын тауып 
қиюластыру, қалай білудің негізінде көркем эдебиет жасалады. Көркем 


59
тіл, көркем сөздердін түрі көп. Олардың әрқайсысына жеке, айрықша 
тоқталамыз. Бұл жерде айтарымыз оны білудің, тексерудің бізге керектігі 
туралы.
Көркем тіл, образды сөздерді білу тек жазушылар үшін ғана керек 
емес, әрбір сауатты адамның бәріне керекті, өйткені әрбір адам өзінің 
ой-сезімін басқаларға білдіру үшін барынша көркем сөздерді қолдануға 
тырысады. Ол – табиғи нәрсе, сондықтан оны түсіну, білу әр адамның өзі 
үшін керек.
Екінші, көркем тілдерді білу көркем шығармалардың жақсы, жаман 
жақтарын жыға танып, терең түсіне білу деген сөз. Кейде біз бұл мәселеге 
ат үсті, жүрдім-бардым қараймыз. Өзіміздің ана тілімізде жазылған нәрсе 
ғой, түсінбестік несі бар деп ойлаймыз. Шынында, олай емес, көп сөздің 
астарлы мағынасы болады. Сөз шеберлерінің бүркегенін ашып, бүккенін 
жазу үшін де көркем тілдің ерекшеліктері мен жасалу жолдарын тексеру, 
білуіміз қажет. 
Әр елдің мәдениеті, әдебиеті дамып өскен сайын, ол халықтың 
әсіресе жастарының да, жалпы мәдениеті, өмірге көзқарасы, білімі 
қанатын кең жайып өсуі керек. Ол үшін мектеп жасынан бастап, көркем 
әдебиетті дұрыс танып, дұрыс талдауға үйрену, дағдылануымыз қажет. 
Әр ғылымның негізін дұрыс түсіну – келешекке тура апаратын ең төте 
жол десек, онын негізі де орта мектепте. Сондықтан мектеп оқушылары 
бұл тіл мәселесімен ерте шұғылдануы ең керекті мәселенің бірі. 
Үшінші, әдебиетті оқытушы, зерттеушілер үшін де көркем тілдердің 
жасалу, даму жолдарын, ерекшеліктерін терең түсініп, жақсы білуі 
керек. Сайып келгенде, әдебиеттің көптеген теориялық мәселелері – 
жазушылардың көркем тілді қандай дәрежеде біліп, қалай меңгерулеріне 
тіреледі. Өйткені көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл.
Жазушылар адам образын да, көркем сюжетті де, жеке адамға тән 
мінезді де, күйініш-сүйінішті де, табиғаттың әдемі көріністерін де көркем 
тіл арқылы жасайды. Тілсіз көркем шығарма жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет