Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Сөз мәніндегі кейбір ерекшеліктер



Pdf көрінісі
бет37/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Сөз мәніндегі кейбір ерекшеліктер. 
Жазушы халықтың бай тілін 
шетінен алып пайдалана бермейді. Солардың ішінен ең керектілерін 
талғап, таңдап, сұрыптап алады. Өзінің ой-сезімін оқушыларына 
жеңіл, өткір етіп жеткізе алатын жайнақы сөздерді таңдайды. Қандай 
өмір құбылысын суреттемек, қандай әдеби мінез жасамақ, олар қандай 
орта, қандай әлеуметтік топтың өкілі. Бұл жайт жазушылардың сөз 
таңдау ісінде шешуші мәселе. Образ–тип белгілі бір ортаның өкілі 
болғандықтан, ол өз ортасына тек іс-әрекетімен ғана емес, өзінің тілімен 
де, сөйлеу ерекшелігімен де тән болады. 
Синоним (
грекше
– 
synonymos
 
– мәндес сөздер).
 
Тілдегі айтылуы, 
түрі басқа болса да, мағынасы бір-біріне жақын сөздерді 
синоним
қазақша 
мәндес сөздер
дейді. Мысалы: рахым, қайыр, жақсылық; іс, 


60
қызмет, жұмыс, қимыл, амал, әрекет; ұрысу, қағысу. төбелесу, шабысу, 
айқасу, шайқасу, жандасу; жалқау, аяншақ, жан аяғыш, кержалқау, т.б. 
Бұлардың бір-біріне мағыналары жақын, бірақ аз да болса, мәндері 
жағынан өзгешеліктері бар. Сондықтан мәндес сөздердің ішінен өзіне ең 
керектілерін тандап алады.
Махамбет ханға айтқан бір сөзінде былай дейді:
Мен кескекті ердің сойымын! 
Кескілеспей бір басылман. 
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар, намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша, 
Тартынбай сөйлер асылмын!..
Махамбет жеңіп алғаннан кейін не істеуді айқын түсінбесе де 
сол кездегі қожалық етуші хан, би, сұлтандарды құрту керектігін, ол 
күреспен ғана болатындығын жақсы түсінді. Сондықтан тайынбай 
күреске үндеді. Махамбет те өз идеясын айту үшін синонимдердің ішінен 
өзіне керекті сөздерін таңдап алды. Мысалы, «
кескілеспеудің
» орнына 
ұрыспай, төбелеспей, тоқайласпай; «
бас кесерміннің
» орнына құртпай, 
көзіңді жой- май, т.б. сөздерді қолдануға болар еді, бірақ «
ұрыспай, 
тоқайласпай
» дегеннен көрі «
кескілеспей
» деген батылырақ, өткірірек. 
«
Бас кесу
» басқа синонимдерден гөрі күшті, қастасудың ең арғы шегін 
көрсетеді. Махамбеттің өлеңінен келтірген үзіндідегі синонимдердің 
қайсысын алсақ та мән жағынан бір-біріне жа қын сөздердің ішінен ең 
күштісін, ең мықты, жігер береді дегенін таңдап, қолданушылығы да сол 
күрес идеясын үндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет