Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет58/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Еспе қайталау.
Алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып, 
қайталап айтуды 
еспе қайталау 
дейді. Еспе қайталау да айтайын деген 
нәрсесіне оқушының көңілін аудару үшін қолданылады. Мысалы:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған 
мен едім,
Мен де
айрылдым елімнен.
Көл қорыған 
сен едің,
Сен де
айырылдың көліңнен.
(Махамбет)
Мұнымен қатар жай сөздерде де, нәрсенің әсерін күшейту үшін де бір 
аңызды қайта-қайта айтулар болады. Мысалы: «
Көре-көре көсем, сөйлей-
сөйлей шешен болар
» немесе біреуге арнай сөйлегенде де қайталау әдісін 
қолданады. «
Ей, Қарт Қожақ, Қарт Қожақ! Атыңның басын тарт, 
Қожақ
!». Қайталауды қолданғанда, жазушы өзінің таптық идеясын 
үндеу үшін қолданады. Өзінің сол нәрсеге қатынасын көрсетеді. Бір сөзді 
қайта-қайта айтумен оқушыны әсерлендіреді.
Көркем тілдің қай-қайсысын да, орнымен қолдану керек. Мейлі теңеу, 
мейлі троптың түрлері болсын, әр өлеңде өздерінің белгілі орны, белгілі 
мөлшері бар. Сурет салғанда бояуды көп жағып жіберсе, суреттің жақсы 
шықпайтыны тәрізді, образдарды мөлшерден асырып қолданса, өлең де 
жақсы шықпайды. Айтайын деген ойды сурет басып қалады да, оқушыға 
түсініксіз болады. Бұл шығарманың адамға тигізетін әсерін әлсіретеді. 
Сол образды сөздердің ішінде өте шеберлікті керек ететін поэтикалық 
тілдердің бірі – қайталау. Қайталаудың қай түрі болсын, өзінің мерзімді 
мөлшерімен қолданса ғана жақсы. Ал мөлшерден асырып жіберсе, 
өлең күшті шықпайды. Орынсыз қайталай беру өлеңді мылжыңдыққа 
айналдырады не түр қуалаушылыққа (формализмге) апарып соқтырады.
Инверсия 
(латынша
 
– inversio
 
– орын ауыстыру).
 
Поэтикалық 
сөйлемдерде сөйлем ішіндегі сөздерді жай кездегі реттерінен өзгертіп, 
сөйлем мүшелерін екінші орынға қоюшылық жиі кездеседі. Осы 


90
сықылды, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып қолдануды 
инверсия
дейді.
Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық көрге енді
Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз.
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып тәңірім бергенді.
(Абай)
Жай сөйлегенде «келдік» сөздің аяғында келуі керек. «Кіру» 
деген сөз «көрге» деген сөзден кейін келуі керек. Мұнда олай емес. 
Әншейіндегі сөйлем құрылысынан бұл сөйлемнің құрылысы өзгеше, 
сөздерінің де орындары ауысып келген, себебі сөздің әдетте айтылып 
жүрген қалпынан орны ауыстырылған сөздер оғаш, оқшау тұрады. Көзге 
түскіш келеді. Ақындар өзінше айтайын дегенін оқушысына тез жеткізу 
үшіні инверсияны өте керекті деп табады. Инверсияны әр ақын әртүрлі 
жолдармен жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет