Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында


«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет9/9
Дата12.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60017
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ерекшееліктері


3.7 «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

Дене тәрбиесінің қазіргі тұжырымдамасына тән белгілердің бірі оқушының дене тәрбиесін ойдағыдай қалыптастырудың жағдайын анықтаушы есебінде білім беру бағытының рөлін арттыру жағына басымдық берілуде. Тренинг (немесе белсенді демалыс) сөзсіз басты болып табылатын оқушылар дене тәрбиесінің өзге де түрлерінің аясында дене шынықтырудың интеллектуалды компоненті қажетті болып табылады. Ұйымдасқан түрде өткізілетін, сондай-ақ, әсіресе дербес жүргізілетін жаттығу сабақтарының тиімділігі себепті-қажеттілік саласының қалыптасуына және осы интеллектуалды компоненттің басты құраушысы болып табылатын арнайы білімдердің деңгейіне тікелей тәуелді болып келеді. Сөйтіп, мұғалім әрбір кезеңнің басталуында сабақтың міндеттерін, қайсыбір қимыл-қозғалыстарды және оған сәйкес келетін жүктемелерді теориялық тұрғыдан негіздеу үшін уақыт бөлуі тиіс. Алайда, сабақтың өту тығыздығына қойылатын талаптарды есептей отырып, мұғалім пәнаралық байланыс жүйесін пайдалануы, әріптес пән мұғалімдерімен (бәрінен бұрын адам анатомиясы мен физиологиясы, валеология, биология, өмір қауіпсіздігі негіздері, алғашқы әскери даярлық, физика, химия, әдебиет және басқа пәндердің) бірлесе қайсыбір оқу пәндері тұрғысынан дене жаттығуларының сауықтыру мәнін сипаттайтын мысалдарды дайындауы керек. Дайындықтың әрбір түрі әдістемелік сабақ түрінде басталуы тиіс. Ол жеке тұлғаның қасиеттерін қозғалыс қабілеттерінің деңгейін көтеру, денені жетілдіруге қол жеткізу мақсатында дене шынықтыру мен спортта дербестікті дамытуға себепші болатын оқу, кәсіби және өмірлік мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру-спортық қызметтің әдістері мен тәсілдері жөнінде түсініктерді кеңейтеді. Осында дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде өзін-өзі бақылау әдістері жөнінде де білім беріледі.

«Дене шынықтыру» оқу пәні орта жалпы білімнің мемлекеттік білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтырудың» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін дамып келе жатқан бала организмі. Дене шынықтыру» оқу пәні –бұл қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі есебіндегі дене шынықтыру мен спорттық құндылығы туралы білімдер жүйесі. Ол дене және психикалық саулықты, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Пәннің мақсаты оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу және өзінің дене және психикалық саулығын нығайтуға деген себептерді қалыптастыру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

– дененің және психиканың дамуы мен оларды жетілдіру жөніндегі білім негіздеріне үйрету;

– сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне организмнің қарсылығын арттыру үшін шынығу тәсілдеріне үйрету;

– оқушылардың жас және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес келетін деңгейге дейін организмінің функционалдық қабілеттерін арттыру;

– түрлі мақсатқа бағытталған дене жаттығуларын орындауда қозғалыс тәжірибесін бойға жинақтау және оның ауқымын кеңейту;

– денсаулықты нығайтуға қажеттілік пен оңтайлы қозғалыс белсенділігі үшін себептерді қалыптастыру.
Алғашқы әскери дайындық

Алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекiтуге бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.

Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше қөңіл бөлінеді.

Әскери іс негіздері келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:

– Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетiнде;

– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары;

– Тактикалық дайындық;

– Атыс дайындығы;

– Саптық дайындық;

– Әскери топография.

Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс–тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.

Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.

Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.

Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту және сақтауды үйренеді.

Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.

Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.

Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.

2010-2011 оқу жылында «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес негізгі ережелері негізінде дайындалған жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

4. ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын жинақталған мектептің дамуы (бұдан әрі ШЖМ) әдетте соңғы жиырма жылда жалпы мемлекеттік міндет болып жарияланды. ШЖМ алатын орны ерекше, себебі ол білім беру мекемесі болып қана қоймай, сонымен қатар ауыл социуымының мәдениетіне көпқырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып қала бермек.

Ауыл оқушыларының азаматтық көзқарасының қалыптасуына, олардың әлеуметтену үдерісіне айрықша ықпал ететін ауыл мектебінің білім беру ортасына, оның табиғатпен, ауылшаруашылығы өндірісімен байланысына айрықша көңіл бөлінеді.

Ауыл қоғамы мектепті бала мен оның отбасын әлеуметтік қорғаудың бірден-бір кепілі ретінде қабылдайды, ұсынылып отырған білім беру қызметінің сапасын жақсартуға ғана жауап беріп қоймай, сонымен қатар ондағы тұрақтандыру орталығы болып табылады.

Шағын жинақталған мектеп – бұл оқушылар саны аз және оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді белсенді оқыту қызметімен ұштастыра алуы тиіс.

Шағын жинақталған мектепке оқушылар саны аз сыныптары бар (5-8 оқушыдан артпайтын), сондай-ақ құрамында шағын жинақталған бастауыш сыныптары бар негізгі және орта мектеп жатады.

Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар:

– сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

– сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

– тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;

– сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау;

– оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;

– оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;

– балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;

– оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;

– әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;

– оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

– оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру;

– бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау;

– ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.

Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен мұғалiмдердiң саны ескерiледi.

Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды бiрiктiру. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

Мектептiң бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге бiрiктiрудiң мынадай варианттары болуы мүмкiн: 2+3, 2+4, 3+4; мұнда 2 және 4 сынып оқушыларын бiрiктiру (2+4) оңтайлы болып табылады.

Бiрiншi сынып оқушыларын сынып-кешендер құрамына енгiзбеген дұрыс. Бұл кезеңде баланың мектепке күнделiктi оқуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн дене және психикалық-физиологиялық дамуы жүрiп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейiнiн ұзақ шоғырландыруға қабiлетi дамымаған, қозғыш, елiктегiш болады. Жаңа әлеуметтiк жағдаяттар баланы қатаң қалыптағы әлемге ендiредi, бала өмiрiн тәртiпке түсiредi, сөйтiп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзiне айналады. Мектепке түскен әрбiр оқушыға психикалық қысым түседi. Бұл тек оның денсаулығында ғана емес, мiнез-құлқында да көрiнiс табатын болады. Сонымен бiрiншi сынып оқушыларының оқу әрекетiне, табысқа ұмтылуына, өзiн-өзi бақылауға дайын болуына, бейiмделу үрдiсiнiң жеңiл өтуiне оң мотивтерi қалыптасуы үшiн оларды сынып-кешенге қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту ұсынылады.

Үш немесе төрт сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы,1+2+3+4), сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында (бұл талапты сақтау, әсiресе, бiрiншi сынып оқушылары үшiн ерекше қажет) әр түрлi жастағы балалар үшiн сабақтың жылжымалы кестесiн қолдану дұрыс болады.

Мектептiң негiзгi және жоғарғы сатыларында сыныптарды бiрiктiру, негiзiнен, әр сыныптағы оқушылар санына байланысты болмақ. Негiзгi және жоғарғы сатыдағы оқушылар санының аздығы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте қосу тиiмдi болып табылмақ: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде математика, химия, физика, биология, мемлекеттiк тiл, ана тiлi және шетел тiлдерi сияқты базалық пәндер әрбiр сыныпта жеке өткiзiлгенi мақұл. Мәжбүрлiк жағдайда пәндер бойынша бiрiктiрудi қолдануға болады, яғни әдебиет, тарих, география пәндерiн өткiзуде сыныптарды қосып оқытуға мүмкiндiк бар. 9, 11 сыныптар бiтiрушi сынып болғандықтан, оларды, тiптi бала саны жетiмсiз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытуға жол берiлмеуi керек.

Сыныптарды бiрiктiру ШЖМ-де оқу сабақтарын ұйымдастыруда қиындықтар тууына әсерiн тигiзедi. Бастауыш шағын жинақталған мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек: жазу сабағы бойынша 2 сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан, математика сабағы бойынша 2 сыныпта 15 минуттан, 3 сыныпта 20 минуттан аспауы тиiс. Оқушылардың шаршауының алдын алу мақсатында қосарланған сабақтардың (әсiресе соңғы 4 және 5 сабақтар) ұзақтығын 10-15 минутқа дейiн (дене шынықтыру сабағынан басқа) қысқарту мүмкiндiгi қарастырылады.

Шағын жинақталған мектептiң оқу үрдiсiн ұйымдастырудағы педагогикалық қиындықтарды шешудiң маңызды бағыттарының бiрi жаңа педагогикалық технологияларды жасау және енгiзу болмақ. Оның негiзгi белгiсi ретiнде педагогикалық жүйенiң барлық элементтерiнiң бейiмделу деңгейiн, атап айтқанда: мақсатының, мазмұнының, формасының, әдiстерiнiң, құралдарының, оқушылардың танымдық әрекеттерiн ұйымдастыру түрлерiнiң, оқыту нәтижелерiнiң болжаммен сәйкестiгi дәрежелерiн атауға болады.


5. БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Байқоңыр қаласының жалпы білім беретін мектептерінде оқытуды ұйымдастыру

Қазіргі кезде Байқоңыр қаласының мектептері айырықша жағдайда, атап айтқанда, Ресей Федерациясының Білім министрлігіне қарасты мекемелердің басшылығымен жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын оқушылар құрамын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі төмендегі оқу пәндерін Федералдық базистік оқу жоспарының аймақтық компоненті есебінен оқытуды ұсынады:

– Қазақ тілі 1-11 сыныптар;

– Қазақ әдебиеті 5-11 сыныптар;

– Қазақстан тарихы 5-11 сыныптар;

– Қазақстан географиясы 8-9 сыныптар.

Бұл пәндерді оқыту ҚР БжҒМ 2007 жылдың 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен оқулықтары бойынша жүргізу ұсынылады. Жалпы білім беретін басқа оқу пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларында Қазақстан Республикасының ерекшеліктеріне байланысты оқу материалын игеруге уақыт бөлулері қажет.

ҚР Мемлекеттік орта білім беру стандартын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастық аясында «Просвещение – Қазақстан» (ҚР) баспасында басып шығарылған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді Байқоңыр қаласы мектептерінің оқыту үдерісінде пайдалану ұсынылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет